file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  242


Автор: Рафаэль Ниязбек

МЫЛТЫҚСЫЗ МЫЛҚАУ МАЙДАНДА


Сөз асырмай басымнан,
Жау табам ылғи қасымнан,-
Мінезім болса, қайтпекпін,
Сүйекке сіңген жасымнан.
Білімдімін – ұғамын,
Білекпен кімді жығамын?
Ұйықтап жатып,
Түнімен
Тісімді қайрап шығамын.
 Аруақ жебеп, қолдасын,
Қызғалдақ - Өмір солмасын.
Түнімен шықса қайралып,
Неге өткір жүзі болмасын?
Суықта мұздап тоңғанда,
Жүгірмей қалың орманға.
Сақтанып жаудан, бекінгем
Қабаттап салған қорғанға.
Сертінен ерлер тайғанда,
Оқ жаусын, мейлі, қайдан да,
Қорғаныста жүрген ақынмын
Мылтықсыз мылқау майданда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу