file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  243


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАРТ КІСІНІҢ МҰҢЫ

Ұры-қары көп демей жаны есірген,
Ата кәсіп болғасын қанға сіңген,
Тоғай, жайлау құлазып қалмасын деп,
Қарт кісі едім
төрт түлік мал өсірген.
Жүргенімде қыр жақта түйе бағып,
Қойларымды жөнелген тиеп алып.
Жылқымды да кетті айдап түн ішінде
Беттеріне қап-қара күйе жағып.
Зауал туып күн-түні сойылдатқан,
Төсегіне ел бар ма тойып жатқан?
 Ауылда жүр ұрының бәрі түгел
Сиырымды шетінен сойып сатқан.
Ұры-қары жүргесін суша ағылып,
Жаламайды табанын кім жағынып?
Түйемді де түгесіп бітті, түге,
Жетіп келіп қараңғы түн жамылып.
Ер жігітке табылмай жұмыс күнде,
Бара жатыр тарылып тыныс мүлде.
Күмісті де қоймады абдырадан,
Үйден түгел сыпырып пүлішті де.
Азғындыққа,
араққа шын берілген,
Жұрттың кетпес, сірә да, жын төрінен.
Мен кейде Қазақстан секілдімін
Тонап жатқан байлығын кім көрінген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу