file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  217


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАБЫРҒАСЫ ҚҰЛАҒАН ҮЙЛЕР

Будақтаған түтіні сырғаланып,
Ауылымның шырағы тұр ма жанып?
Тоз-тоз болған үйлердің терезесі
Мұңды көзбен қараған қырға налып.
Көшесінде ақ түтек құм бораған,
Ауылымды ойрандап, кім тонаған?
Аңғал-саңғал үйлерді құс паналап,
Көрген сайын көңілді мұңға ораған.
 Көшесінде жосыған құм суырып,
Туған жерден көшті екен кім суынып?
Қуырдаққа неге ауыл айналмасын,
Төбесінен төнсе егер күн қуырып?
Күйін кешіп жаралы шағаланың,
Бәрі көшкен жағалап қала маңын.
Қабырғасы құлаған үйлер қанша
Көтере алмай салмағын замананың?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу