file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  230


Автор: Рафаэль Ниязбек

ӨЖЕТ АҚЫНДАР

Маңынан шыбын ұшпаған,
Ер қайда найза ұштаған?
Өр мінез өжет ақынын
Өсірмей қоғам ұстаған.
Шалығы тиген салқынның,
Дос емес бәрі жақынның.
Сәулесі суық екенін
Есіңде ұста алтынның.
Қоғам да әлсіз...
Алдында
Алатауы асқақ ақынның.
Кім туса тулап боранда,
Қатер көп төнер оған да.
Ауызын баққан ақынның
Ақиқат бар ма қоғамда.
Қараулық жұртты басқарып,
Бұғынған Шындық жасқанып.
Ақындар шынар секілді
Қасқайып өскен тас жарып.
Қараулық егер жеңсе елін,
Сермеген өлең семсерін,
Қай ақын өжет болмасын
Ақиқаттың емген емшегін.
Кеудесін намыс кернеген,
Соңынан қай жұрт ермеген.
 Ақыннан қоғам сескеніп,
Қолына билік бермеген.
Сүйреткен қоғам құр басын,
Дауыл боп қанша бұрқасын.
Сескенбей қайтсін...
Өзінен
Ақындар биік тұрғасын.
Мұз-қардан киген сауытты,
Жүрегін дала, тау ұқты.
Жыр жазып қамал бұзатын,
Көрсеткен небір «сауықты»,
Өр мінез өжет ақындар
Қоғамға аса қауіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу