Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  223


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚЫТАЙДЫҢ АРЗАН МАТАСЫ

Тәуелсіз болған елімде
Тәуелді болып күн кештім.
Қазына толы жерімде
Жалынып жатқа мінгестім.
Қажырлы күштер топтасқан,
Сұмдықты қозғап қайдағы.
Тайраңдап талай от басқан
Тәуелсіздіктің тайлағы.
Көлденең келген көк атты
Бәйгенің алдын тұр бермей.
Қанша ару арын тонатты,
Етегін жауып үлгермей.
Өткелден жүзіп өткенге
Жаралды деме қай күштен.
Жете алмай әлі көктемге
Қаймақ деп қазақ қайғы ішкен.
Жүректің терең түбінде
Абыздың берген батасы.
Қазақтан қымбат бүгінде
Қытайдың арзан матасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу