file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  201


Автор: Рафаэль Ниязбек

МҰНАР КҮН

Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Махамбет.



Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Көзімді мұнар басқан күн,
Басымнан бағым асқан күн.
 Алтайы қызыл түлкідей
Маңымнан қызық қашқан күн.
Көкжиекке батып тарлан күн,
Алқымымнан арлан алған күн.
Басыма бейнет салған күн,
Жігерім құм боп талған күн.
Ит мұжыған кәуектей
Алтын басым қор болып,
Үй артында қалған күн.
Мірдің оғы – соқырмын,
Отқа жақсаң – отынмын,
Атқа ерттесең – тоқыммын.
Азынаған суық үйімде
Сопайып жалғыз отырмын.
Бейуақта келген қонақтай
Мезгілсіз жетсе ажалым,
Жаназамды өзім оқырмын.
Мірдің оғы – соқырмын.
Соқыр болған ақынмын,
Халқыма ғана жақынмын.
Қарсақтай інге тығылған
Үйімнен шықпай жатырмын,
Бергенін ішіп қатынның.
Көкірегім толы алау өрт –
Жарылғалы тұрған атоммын!
Сөйлеген сөзін шындықтың,
Туған ел, менмін бір мықтың.
Оқыстан төнер жау болса,
Оқтаулы тұрған мылтықпын.
 Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Тауда өскен қайсар шынармын.
Сұм ажал балта шапқанда,
Бір күні мен де сынармын.
Қара жерге көмсең де,
Қайыра көктеп шығармын!
Қайыра көктеп шығармын!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу