Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.03.2022
221

ЗАМАНЫНА ҚАРАЙ ҰЛДАРЫ
Ақырып алға ұмтылған,
Ақынмын жастай жыр қуған.
Ей, ағайын, ойласаң
Заманына қарай ұл туған.
Арыстаны көп заманда,
Арыстан кеуде ұл туған.
Жолбарысы көп заманда,
Жолбарыс жүрек ұл туған.
Қабыланы көп заманда,
Қабылан мінез ұл туған.
Қасқыры көп заманда,
Көкжал қасқыр ұл туған.
Түлкісі көп заманда,
Қулығы терең ұл туған.
Қой өсірген заманда,
Қойдан жуас ұл туған.
Адамды адам жоқ қылған,
Адамды адам отқа ұрған, –
Мына сатқын қоғамда,
Сатқын ұлдар көп туған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇