file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  191


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҰЛТ ТАҒДЫРЫ

Қайшыласқан ғаламда,
Қатер төнбей тұрады ма табанда.
Кім ойлаған қорқау қаптап кетер деп,
Күні кеше Қыдыр жүрген даламда.
Асқақ рухын таптағалы ұлтымның,
Бәрін жойған небір асыл ғұрпымның.
Қорқау тісін көрсете ме ақситып,
Найзасы егер сынбаса өжет жұртымның.
 Қорқау күштің бойын түгел жын буған,
Ел де, ер де сыналатын күн туған.
Сын сағатта арқар кеуде арыстар
Ұлтын қорғап ұмтылған.
Бұралқы иттер жуындыға тойғалы,
Күннен – күнге барады асып сойқаны.
Жанталасып жүрген жоқ па жанығып,
Қазақ ұлтын жер бетінен жойғалы.
Дүр дүние сән-салтанат құрғалы,
Еркек тоқты уақыттың құрбаны.
Қилы кезде ұлы ұлтымның тағдыры
Жалған емес қыл үстінде тұрғаны.
Жақсылыққа түгел мойын бұрғанда,
Жұрттан асқан жауыз бар ма бұл маңда.
Ей, ағайын, тайсақтама ендеше,
Ұлт тағдыры шешілгелі тұрғанда.
Алты Алашқа қорған болам деп туған,
Азамат ер арлы анадан туғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу