file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  434


Автор: Рафаэль Ниязбек

РУХ

Сөндіргелі жүрген көп күнімді елде,
Не істеймін тірліктен түңілгенде.
Басына ма көрінген,
Тамырымда
Рухым болып асау қан жүгіргенде.
Шындық іздеп, жүрегім тілінгенде,
Қасиеттің жоқтығы білінді елде.
Басына ма көрінген,
Өліп қалған
Рухым менің қайыра тірілгенде.
Туған елдің байлығы тоналғалы,
Бар ма, сірә, тірліктің оңалғаны.
Кірме қанша төбеме шығып алған
Асқақ рухым қапыда жоғалғалы.
 Самал желі тербеткен тал-терегін,
Күндерімнің көзінен қан көремін.
Қапылыста жоғалған рухымды іздеп,
Жорттым талай ізімен хан Кененің.
Кеңістіктен рухымды іздегенде,
Қалады деп ойлама түз-белеңде.
Тереңімде бір толқын туламас ед,
Айдынымда ақ кеме жүзбегенде.
Мына жарық жалғанда мың күнәлі,
Бағым егер жанбаса кім кінәлі?
Көкжал бөрі көп жортқан сардаладан
Жоғалған рухымды іздеп жүрмін әлі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу