file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  178


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚОРҒАЙМЫН КІМДІ...

Көңілдің күні сөнгенде,
Дауыл көп бұрқап соғатын.
Күн қайда қатер төнгенде
Ақырып атқа қонатын.
Тобырға жұртым айналып,
Тозғанда қара тулақтай,
Парламентке пері сайланып,
Қанымды жүрме тулатпай.
Қол соғып ылғи қолдаймын,
Егеулі найза елімді.
Бірақ та қалай қорғаймын
Сатылып кеткен жерімді.
Мерт болып жатқан кезеңде,
Азамат ерлер атылып,
 Толқындар тулап өзенде
Жүргендер қанша шатылып.
Қорғаймын қалай
Жүрсе егер
Зиялы қауым сатылып.
Намысым талай қайралды,
Қиянат көріп қайдан да.
Халықты сорған байларды
Өлем бе қорғап майданда.
Орманым қашан жайқалды,
Айналып өжет өлеңге.
Тән сатқан қорғап сайқалды
Оққа ұшып босқа өлем бе.
Жағамнан тағдыр алғанда,
Ырқына қалай көнейін.
Жемқорды қорғап жалғанда
Соғысып неге өлейін.
Ел билеп жабы, жаман да,
Аласарып тұр-ау тау қорған.
Қорғаймын кімді...
Заманда
Қазаққа қазақ жау болған.


* * *
Жанарына кек тұнған,
Жұрт болса егер бір кезде
жаттан қорғанып шеп құрған.
Бұл күндері қазақты
Сұрқай заман бетке ұрған.
 Жүрегінде жетіліп, қорытылған құрышы,
Қай жұртыңнан кем еді, бұл қазақтың ұлысы.
Алтын жалатқан қынаптан суыратын мезгілде,
Суырылмай қалады неге қайқы қылышы?!
Таудай асау толқында күйреген талай кемесі,
Дүниені қатердің кезіп жүр ме елесі.
Мұқалмаса ұшы егер
Қабырғалы қазақтың
Қараулыққа ысқырып неге ұшпайды жебесі?!
Тіршіліктің біте ме борай соққан ақпаны,
Қарау күштер жүректен жүрген жоқ па атқалы.
Ей, ағайын, бұл қалай?
Қап түбінде бұйығып,
Алмас кездіктің жатқаны.
Адаса ма сағымда, абыздарын тыңдаса,
Қай жауыңды жеңбеген намысқа шауып
шындаса.
Кім көрінген басынып, қорламас еді бүгінде,
Егемен елдің егеулі найзасы сынбаса.
Қайран қазақ күн кешкен өз жерінде күйініп,
Кімді арқа тұтады айбатына сүйініп.
Кілең кірме ендеше неге есірік атпасын,
Бәйтеректің бұтағы тұрса оларға иіліп.
Көкірегін өжет күй атой салып толғаса,
Азамат ер қайда жүр туған елін қорғаса.
Ата қазақ ақырып тәңірден теңдік сұрай ма,
Азаттықтың шыңында өз зауалы болмаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу