file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  239


Автор: Рафаэль Ниязбек

ХАЛЫҚ ЖАУЫ

Ақ нұрынан жаратылған шабыттың,
Куә, Алатау!
Куә оған, Жарық Күн.
Ауылдарда жатқан жоқ па тамыры
Бәйтерегі биік өскен халықтың.
Жанарына арай тұнған,
Нұр тұнған
Сайын дала жұпар атып құлпырған.
Алатауы асқақтаған халықтың
Ауылдарда қан тамыры бұлқынған.
Жауын қуып, алпыс қырдан асырған,
Сол адамдар бүгін түгел ашынған.
Жоқшылықтың жарылғанда бомбысы,
Тоз-тоз болып, сынықтары шашылған.
Қайда бұрып қарасаң да бетіңді,
Кісі бар ма есіркеген жетімді.
Ауылдардың сиқын көрсең бүгінгі –
Өрттен қалған жаралы орман секілді.
Аспанында қайғы бұлты жүзгелі,
Алты алаштың күйзелуде ізгі елі.
Ауылдарды қиратты ма, кім білсін,
Нар халықтың қан тамырын үзгелі.
 Көкірегім буырқанған кек кілең,
Дұшпан көп те қалай тыныш, тек жүрем.
Тамырына балта шапқан халықтың,
Жанның бәрін халық жауы деп білем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу