file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  266


Автор: Рафаэль Ниязбек

АТОМ БОМБЫСЫН ЖАРҒАНДА


Заман беті бұзылса секпілденіп,
Бұлт торлайды көгіңді теңбілденіп.
Атом түскен жерлерден су шығады,
Қара жердің көз жасы секілденіп.
Содан, сірә, тұрамын алағызып,
Көз ұшында сағымды дала қызып.
Ресей кімді аясын,
Жердің өзін
Жылатқанда көзінен қан ағызып.
Мына озық заманда Айға қонған,
Арна бар ма тартылып, қайта толған.
Алып бомбы жарылған қай жерден де,
Су атқылап улы көл пайда болған.
Қара шұбар жылан боп оратылып,
Қара құйын ел жаққа борады ұлып.
Сәби қанша ананың ішінде өлген
Жер бетіне шыққанда көл атылып.
Қарау күштер тұрғасын ел басқарып,
Жорғалайды алдында ер жасқанып.
Улы көлден су ішкен жан-жануар
Ақ сүйек боп қырылған жер жастанып.
Күн кешкен соң қоғамда құрамалы,
Тауым тұр ма гүрс етіп құлағалы.
 Бұл Ресейдің жүргізген сынақтары –
Қазақ халқын қырудың бір амалы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу