Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  186


Автор: Рафаэль Ниязбек

МАЯ ТАЙПАСЫ

Адамдар мен табиғаттың айқасы
Біткен емес – жоқ болса да пайдасы.
Ғұмыр кешкен ормандардың ішінде
Үндістердің Мая дейтін тайпасы.
Ұнға, нанға зәру тайпа болғасын,
Бірін – бірі жаудан қалай қорғасын.
Орманына қатер болып төнсе егер,
Болашақтың күйін қалай толғасын.
 Жұртын кенет бір сұмдыққа бастаған,
Бұл тайпаны жан болмады жасқаған.
Егін егіп, өсірмек боп жайқалтып,
Ормандарын түгел шауып тастаған.
Ыстық күнге қайтсін олар қақталмай,
Опық жеді еңбектері ақталмай.
Айықпайтын дертке ұрынып, қырылған
Табиғаттың тепе-теңдігі сақталмай.
Жаралғалы жұрт болса егер сор маңдай,
Болашаққа жетелесін жол қандай.
Ормандарын отап құртып,
Ақыры
Өздері де оталған-ды ормандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу