Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.03.2022
198

АЛМАТЫ МЕН АСТАНА
Көңілімнің көзіне нұр тұнғанда,
Ұран салмай тұрам ба ұлтым барда.
Астанада бұтағым гүл жарады,
Алматыда тамырым бұлқынғанда.
Бабалардың өр рухы қолдағанда,
Аспанымды қара бұлт торлаған ба.
Арқаға жұрт көше ме,
Алматыға
Азаттықтың ақ құсы қонбағанда.
Астананың сәуле есіп келбетінен,
Еңку-еңку жер шолып ер жетілген.
Айналайын алмалы Алматыда
Азаттықтың бесігі тербетілген.
Қоңыр түнде туғанда Ай нұрланып,
Күрең күндер жоғалған қайғымды алып.
Алатауы бар жандар бармаса егер,
Арлы Астана тұра ма айбынданып.
Керуен бұлт көгімнен өктем көшіп,
Бәйтерегі жайқалған көктеп өсіп.
Астананың жүрегі жылына ма,
Алматыдан тұрмаса көктем есіп.
Қай заманда болмаған тақ таласы,
Ел басқарып жүрмесін жат баласы.
Алматы мен Астана білсең егер,
Тұнық ойлы көзімнің ақ, қарасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇