file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  127


Автор: Рафаэль Ниязбек

КЕЙДЕ ӨЗІМДІ СЕЗІНЕМ

Жүрегімде көрген жоқ сенім өліп,
Жыр жазамын қашанда тебіреніп.
Жаман болсам, Алатау тұрады ма,
Қалың елдің ішінен мені көріп.
Көсегесі көктемде көгергелі,
Өрге жүзген қазақтың өнерлі елі.
Бір Алатау кеудемде түрегелген
Менің асқақ рухымды көтергелі.
Көңілімді жүргесін көктем етіп,
Төбем кейде қуанам көкке жетіп.
Өкпелеткен шығармын ағайынды,
Алатауды көргем жоқ өкпелетіп.
Күннің нұры түскенде шың басына,
Көз суарып қараймын тұлғасына.
Сағынғанда көз жасым тамған еді,
Алатаудың мөп-мөлдір тұнбасына.
 Бұл өңірде өзгеше гүлдің әрі,
Естіледі өзгеше бұлбұл әні.
Астанаға көшер ем
Ақ босағам
Алатауды қия алмай жүрмін әлі.
Сезімімді қайтейін іркіп кейін,
Туған елден жасырып, сыр бүкпейін:
Кейде өзімді сезінем
Алатауды
Айналып ұшып жүрген бүркіттейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу