file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  201


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҮЙ ӨРТЕНГЕНДЕ

Қилы-қилы өткелден өте білген,
Жігіт еді қашанда төте жүрген.
Үйі жанып өртенген өзі жоқта,
Бір көшенің бойынан көтерілген.
Тағдыр барда ішіне қаны қатқан,
Өзендері даланы жарып аққан,
Жұрттың бәрі ұмтылған сөндіргелі,
Үйді жаңа көргенде жанып жатқан.
Туы биік желбіреп іргелі елде,
Тауы асқақтап тұратын бір белеңде.
Жігіт үйі түп-түгел отқа оранған
Құбыладан жел соғып үрлегенде.
Көз алдында бұлдырап құмай-жалған,
Дүниенің барлығы... былай қалған.
Сұп-сұр күйде сазарып тұрды аңырып,
Үйін жаңа көргенде күлге айналған.
Жайшылықта жоғыңды тауып беріп,
Үй иесі жүретін шауып келіп:
– Құран жанып, ойпырмай, кетті ме, – деп,
Тұрып қалған шынында қауіптеніп.
Үміті егер үзілсе жалғайды арман,
Жігіт еді жанары шамдай жанған.
Үйі өртеніп кетсе де,
Бірақ құран
Құдіреттің күшімен жанбай қалған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу