file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  517


Автор: Рафаэль Ниязбек

МҰҚАҒАЛИ ЕСКЕРТКІШІ

Сыбағадан талай құр қалған,
Ызалы жан ең өзің де.
Кеудеңде дауыл бұрқанған,
Найзағай ойнап көзіңде.
Жұлдызы жанбай сөнгенде,
Жағады деп саған ел сенген.
 Жұрт сені жерге көмгенде,
Күңіреніп таулар теңселген.
Арманда кеткен батырсың,
Қасиеті сіңген даланың.
Молаңда үнсіз жатырсың,
Шуылын тыңдап қаланың.
Келмеске, аға, кеткенің
Қайғы ғой, бірақ жасыма.
Қоладан құйып текті елің
Ескерткіш қойған басыңа.
Соққанда дауыл ысқырып,
Елемей суық қарын да,
Бойыңды тұр ма қыздырып,
Бір ағын тулап қаныңда.
Қарайсың енді далаға,
Көзімен қоңыр қоланың.
Жолдайсың сәлем, жан аға,
Ішінде жатып моланың.
Азамат ерсің нар тұлға,
Болашақ алдан күтетін.
Дүние толса жарқылға,
Тасқа да тамыр бітетін.
Алдыңнан нұрлы таң күтіп,
Мұратқа жаңа жеткелі,
Кеудеңе сенің жан бітіп,
Тұрмысың тіріліп кеткелі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу