file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  412


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАЗАҚ РУХЫ

Жүрмін деме күн кешіп күміс күнде,
Алтын сапты жоқ дейсің қылыш кімде.
Азаттықтың ақ таңы атқанменен
Ата қазақ тұр әлі қыл үстінде.
Қай жағына ауарын кім біледі,
Қашан оның көзінде күн күледі.
Баяғыдай ел іші тыныш болса,
Көңілінде неге аспан күркіреді.
Қара жерге намысы көмілгелі,
Азып-тозған даланың көңілді елі.
Кім басынып басына сарымады,
Ата қазық үш жүзге бөлінгелі.
Болашаққа құлшынып ұмтылғалы,
Ел еді ғой ұл туған нұр тұлғалы.
 Неге, ендеше, бұл қазақ бөлінеді,
Аждаһаға тұрғанда жұтылғалы.
Құл-құтанға сүйенген бұл күндері,
Қалың жұрттың бар деме бір білгені.
Жансыз қанша ішіне кіріп алған
Ала тайдай ел ішін бүлдіргелі.
Қылышыңды қайыра қайрамасаң
Жауыз қолдар желкеңнен тұр бүргелі.
Жол тартқанда баянды баққа қарай,
Дұшпан қанша шоқ салған шапқа талай.
Билік төмен тұқырта берсе егерде,
Қазақ рухы қонады атқа қалай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу