file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  161


Автор: Рафаэль Ниязбек

АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ

Толқында туғам шыңдалып,
Таңертең тұрам нұрланып.
Ұлы Абай жаққан бір сәуле
Кеудемде менің тұр жанып.
Тәңірден сауға сұрамай,
Келемін әлі құламай.
Кімдерге сәуле жақпаған
Ғасырда туған ұлы Абай.
Дұшпандар күндеп сыртымнан,
Көңілім бөздей жыртылған.
Ұлы Абай жаққан сәулені
Сөндірмек болып ұмтылған.
Азамат серттен тайғанда,
Жырынды жетіп қайдан да,
 Арыстар қанша көз жұмған
Мылтықсыз мынау майданда.
Басымды мұнар шалғанда,
Кетермін бір күн арманда.
Ұлы Абай жаққан сол сәуле
Өшеді деме жалғанда.
Күн кешіп қарау қоғамда,
Адасқам талай боранда.
Қапыда өлсем, сол сәуле
Тұрады жанып моламда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу