file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  179


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕГЕУЛІ НАЙЗА

Қазақтың өжет ақыны –
Халықтың нағыз жақыны.
Азамат ермін бүгінде
Атанған шешен батыры.
Бұрқаған боран, ақпанда
Бұлақтар жылап аққанда,
Ақырып теңдік сұрағам
Қырылып шешен жатқанда.
Жалған дүние, жалғанда
Кетпеген кімдер арманда.
Шырылдап ара түскенмін
Қорғаусыз жалғыз қалғанда.
Сол елге қатер төнгенде,
Шайқасып ерлер өлгенде,
Жырымды оқ қып атқанмын
Жарақты жауын көргенде.
Заманда мынау тас маңдай,
Сөйлегем сөзін жасқанбай.
 “Ерлердің ісі біте ме,
Темір қазық жастанбай.”
Қара құс қаптап аспанда,
Қарау күш соғыс ашқанда,
Сескеніп қашпай тұра ма,
Көзімнен үрей қашқанда.
Тауда өскен қайсар шынармын,
Ажалым жетсе – сынармын.
Егемен елді қорғайтын
Егеулі найза шығармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу