file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  175


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЗАМАНАНЫҢ ШЫҢҒЫРҒАН БІР ШЫНДЫҒЫ


Қонысбек Ботбайға
Маңдайына тұрғанда жыр біткелі,
Дүниенің бұл қалай дүрліккені?!
 Ей, бауырым, баспа аштың Алматыдан
Түгел сөздің киесін тірілткелі.
Тектілердің тулаған тереңінде,
Бақ көрмейтін жан бар ма сені елімде.
Арай болып еседі саған қарай
Айдындарға жол тартқан кеме күнде.
Қатер жоқта,
Жау жоқта елге төнген,
Жұлдыз деме жұлдызды ерте сөнген.
Тас қоғамның тудың ба аршығалы
Шырқыраған шындығын жерге көмген.
Бұл күндері жігітсің қанжығалы,
Орман, тауын тербеткен қаршыға әні.
Мүмкін туған шығарсың
Шаң-тозаңнан
Тұғырлы елдің тарихын аршығалы.
Ақиқаттың алдына жүгінгенде,
Естімеген жан бар ма үніңді елде.
Болашаққа жол тарттың өлең болып,
Түгел сөздің киесі тірілгенде.
Сардаланы кетеді кім өңгеріп,
Алғы шептен сені ылғи жүрем көріп.
Сардар ердің бірісің атқа мінген
Бес қаруы бойында түгенделіп.
Көрінгенде алыстан жырдың шыңы,
Жанарыңнан жоғалған тылсым мұңы.
Ей, Қонысбек, қашанда сен деп білем,
Замананың шыңғырған бір шындығы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу