Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.03.2022
151

ЖАПЫРАҚ ТУРАЛЫ
Сардаланың аралап атырабын,
Буырқанып кеудемде жатыр ағын.
Талдың бәрі қайғыдан теңселеді,
Жел саусағы жұлғанда жапырағын.
Талдың бәрі теңселіп тұр бағында,
Уақыттың тұншығып құндағында.
Аяқ асты болам деп ойлады ма,
Жапырақтар тұрғанда бұтағында.
Тірлік барда, ел барда бұл өмірде,
Дүниеге алаңдап жүрем күнде.
Жапырақты біреулер басып өтсе,
Ізі қалмай тұрмайды жүрегімде.
Арай жүзген көзінен нұр төгілген,
Ағып жерге түспесін күн көгінен.
Бұтағыңнан үзіліп түссең егер,
Таптап өте шығады кім көрінген.
Сарша тамыз мезгілде маужыраған,
Тіршіліктің көздері жаудыраған.
Сары күздің сап-сары жапырағыСары қағаз секілді қаудыраған.
Атанына ауыр жүк теңдеп артқан,
Ауыртпалық көп әлі елге батқан.
Жүрек екен деп шошып қалам кейде,
Жапырақты көргенде жерде жатқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇