file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  183


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ

Азамат ер бас бағып бұқпалаған,
Мына бұзық заманды кім қалаған.
Әйел батыр секілді еркектерден
Жоқшылықтың көзіне тік қараған.
 Өрге сүйреп тартқанда қайран талап,
Алтын арай толқыған Айдан тарап.
Әйелдердің көрмедім мұқалғанын
Ертелі-кеш жүрсе де қайғы арқалап.
Жауар бұлттай түнеріп тұнжыраған,
Болашағы бұл жұрттың бұлдыраған.
Заттың бәрі қымбаттап,
Бұл күндері
Адам құны төмендеп құлдыраған.
Тіршілікте жоғалтпай өз бағасын,
Ту ғып ылғи көтерген сөз сарасын.
Әйел ғана төмендеп көрген емес,
Алтын сауыт секілді тозбағасын.
Жазы өтсе де өмірдің күзі жетіп,
Семсерінің көрмеген жүзі кетіп.
Алты алаштың елінде әйел бар ма,
Заманды ерттеп мінбеген кісінетіп.
Қилы кезең туғанда кеме батқан,
Ару қанша шіреніп жебе тартқан
Алтын құрсақ әйелдер деп білемін,
Ғасыр жүгін арқалап келе жатқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу