file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  338


Автор: Рафаэль Ниязбек

РАКЕТАНЫҢ БІР СЫНЫҒЫ

Ажал қолы жағама жармасқалы,
Сілтенбеді неге елдің алдаспаны?
 Өлгендердің санына жеткен бар ма,
Сарыарқаны қатерлі шаң басқалы.
Өлгендерді көмсе де қара жерге,
Жел айтады мұң шағып дала, белге.
Бұрын өлгің келмесе ажалыңнан
Темір жауған өңірге бара берме.
Туған елдің қуатын көтергелі,
Жүргенімде көңілден от өргелі.
Сарыарқаның ауасы уланбаса,
Жылқылардың бұл қалай жөтелгені?!
Тіршіліктің, ендеше, күйі жалған,
Келеді әлі жеткізбей киік арман.
Темір жауған өңірде жұрттың бәрі
Қайғыдан қара шекпен киіп алған.
Сойқан қанша мен көрген бұл өмірде,
Күңіреніп күй шертем күрең күнде.
Ракетаның шашылған бір сынығы
Тұрған жоқ па қадалып жүрегімде.
Тіршілікте сезінбей жыр қуатын,
Күн туды ма көңілім суынатын.
Жүрегіме қадалған сол сынықты
Қолы шипа жан бар ма суыратын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу