file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  232


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖІГІТТЕР-АЙ!

Арал еді бір кезде көк пен жерің,
Бірге өткерген өмірдің өткелдерін.
Бір-ақ күнде дүр ете көтеріліп,
Бәрің бірдей
Бұ қалай кеткендерің?
Жүрген кезде өзара қауымдасып,
Алдарыңда қалатын дауыл жасып.
Көңілдерін шайдай ғып ашушы еңдер,
Ағайынның кей-кейде дауын басып.
Бәріңе де достықтың назы ұнаған,
Жігіттер ең үй алған қазынадан.
Көп ұзамай күңкілдей бастадыңдар
Желі ұнамай сол жердің азынаған.
Содан кейін сендерде жан қала ма,
Қол да бұлғап қоштаспай сардалаға,-
Үйлеріңді көштіңдер айырбастап,
Тарай ұшқан құстардай сан қалаға.
Қарт та айқасқан қатермен,
Жас та айқасқан,
Кезде мынау серттесіп, сөз байласқан.
Қылықтарың сендердің ұнамады
Бұлт төнгенде Аралды тастай қашқан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу