file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  190


Автор: Рафаэль Ниязбек

КЕЛІМСЕКТЕРГЕ

Құт дарытып қырында кие жүрген,
Дала жұртын ел деме түйе мінген.
Қынабынан қылышын суыратын,
Сөз ызғары өткенде сүйегінен.
Ат үстінде жаралған киелі елге,
Қамшы сілтеп, арына тие берме.
Қабырғалы қазақты
Жүндегенде
Үнсіз шөгіп жататын түйе көрме.
Сұрқай заман құтырып қағынғанда,
Қай мұратқа жетеді жабылғанда.
Күлі көкке ұшпай ма,
Бұл қазақтың
Кеудесінде бір бомбы жарылғанда.
Күйін кешпей жаралы шағаланың,
Туған жоқ па үні боп замананың.
Ата қазақ – ойнаған бұлтылдатып,
Бұлшық еті емес пе сардаланың.
Уығы боп шаншылып ұғысқанның,
Туын биік көтерген туысқанның.
Алысқанның азуын қағып алып,
Үзген талай жұлынын жұлысқанның.
 Аспанында зуылдап жұлдыз аққан,
Қазақ жанын кім сонша тым сыздатқан.
Жанартаулар қауіпті білсең егер,
Көкірегін от кернеп, үнсіз жатқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу