file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  210


Автор: Рафаэль Ниязбек

АЖДАҺАНЫҢ ҮШ БАСЫ

Көңілімде бір сәуле өрілгелі,
Өрге тарта жөнелген өмір мені.
Аждаһаның үш басы елестейді,
Ата қазақ үш жүзге бөлінгелі.
 Басынған соң жат жұрттың көрінгені,
Жатырқамай қайтеді төрім мені.
Бөлінгені қазақтың білсең егер –
Қабырғасы қақырап сөгілгені.
Арманымның кемесі күйрегелі,
Кім жеткізді қайғылы күйге мені.
Бірлігінің жоқтығы бұл қазақтың
Ұры-қары елімді билегені.
Шығып қара басына мұнараның,
Әлі күнге тартылып тұр Аралың.
Үш баласы неліктен ұғыспайды,
Еміп өскен ақ сүтін бір ананың.
Көңілінен жүрсе егер күй ақтарып,
Айы неге тумасын қияқтанып.
Рухын биік көтерсе жараспай ма,
Бір ошақтың үш бұты сияқтанып.
Ар-намысын жоғалған таппай қалып,
Сорлады ма ішіне қақ байланып.
Үш атаға бөлінген қайран қазақ
Бір-біріне барады жатқа айналып.
Дүниенің көзінен сыр ұққалы,
Болашақта ұстайды кім тұтқаны?
Аждаһаның үш басы қапылыста
Бірін-бірі бас салып тұр жұтқалы.
Кімнің қанын сормаған сүлік-пенде,
Бастайтындар көп әлі бүлікті елде.
Арыстаннан айбатты болар еді,
Үш Арыстың баласы біріккенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу