Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.03.2022
198

АУЫЛДЫҢ АУЫР ТҰРМЫСЫ
Мейірімді жоққа есепте,
Бүгінде кімге-кім бауыр.
Ауылдың жылы десек те,
Ауылдың жайы тым ауыр.
Ауылдың ауыр тұрмысы
Түзеле қойған жоқ әлі.
Тарылған емес тынысы –
Жұлдызы кімнің жоғары.
Ауылға ырыс орнасын,
Кім-кімде өмір қонағы.
Жапырып шөптей ормасын
Аштықтың өткір орағы.
Жоқшылық сөккен көбесін,
Шошынам суық сөзінен.
Үңілсең – өлім көресің
Тұңғиық мұңды көзінен.
Ел жайын дейсің сөз етпе
Мезгілде тастан жас шығар.
Ауылды тепкен өзекке –
Ауылда туған басшылар.
Жылылық кетіп ауылдан,
Жүрегім сұмдық жүр тоңып.
Нарық тұрғызған дауылдан
Көркейсін қалай жұрт оңып.
Басшылар – бай да, ел – кедей,
Бөлшектеп сатқан даласын.
Арлы ауыл – құнсыз теңгедей,
Қаңтарған арба, шанасын.
Ауылдан безсе қарамай,
Жазады қалай жарасын?
Бір күні жетер...
Баладай
Жерлеуге келген анасын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇