file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  204


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕКІ ҚАБАТ ЖАС ӘЙЕЛ

Барлық халық қарыздар жұмыр Жерге,
Пұл шығарып, тал ексең шығын көрме.
Маңдай термен суарып, егін еккен
Қандай жұрт та айналған тұғырлы елге.
 Бөріктіні жүрсек те ерге балап,
Білген бар ма жағдайын ел аралап.
Жер бетіне түкірген былш еткізіп,
Өкірмейді демегін жер сабалап.
Ауыртпалық түскенде қайыспаған,
Жер бетінен бар ма арман Айға ұшпаған.
Соқа тартып мезгілдің мерездері,
Әрі-бері жер бетін айғыздаған.
Азаматтар жоқ болса ер тұлғалы,
Қалай еркін жайылсын елдің малы.
Миы ойылған адамдай көрінеді
Бомбы түсіп, ойылған жердің бәрі.
Жауабы жоқ тұрса Өмір сұрақтардан,
Неге ақпасын улы су бұлақтардан.
Кейде уланған адамға ұқсайды Жер
Жойқын күшті сұрапыл сынақтардан.
Жұмыр жердің жанары мұңға апталып,
Суырады құйынын бұрқап қалып.
Кейде адамға ұқсайды сұлық жатқан
Мынау сырқат қоғамда сырқаттанып.
Күндер зулап аққанда екпінге еніп,
Теңбіл доптай бет жүзі теңбілденіп,
Жұмыр жердің қарыны шертиіп тұр,
Екі қабат жас әйел секілденіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу