file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  270


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАЙҒЫ АРҚАЛАҒАН ӘЙЕЛДЕР

Садақтайын иілген Айға қарап,
Кім арманын ұстаған сайға қамап.
Бала арқалап өсірген әйелдердің
Жауыр болған арқасы Қайғы арқалап.
Қашан алға мына жұрт ұмтылады,
Жасыны өлген жанарға мұң тұнады.
Қайғы арқалап әйелдер жүрсе егерде,
Арқалайтын баланы кім туады?
Сескенем деп жалғанның қай күшінен,
Төбесіне талайдың жай түсірген,
Әйелдердің тууы екіталай,
Сыпырылып түспесе Қайғы үстінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу