file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  235


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖАТ ЖҰРТТЫҢ ЖАСЫҒЫ

Шортан алып, ұсынған шабағына,
Жаттың неге қараймыз қабағына?
Асқақ Рухты Алашым арзан болып,
Рухы төмен басқалар бағалы ма?!
Қайшылықта от бүркіп, жебе жұтқан,
Азамат ер туады кемел жұрттан.
Ел ішінен іздемей пайғамбарды,
Өліп-өшіп іздейміз неге сырттан?!
 Жұрттың бәрі шыққанда көшеге өріп,
Өзен ағып жатқандай өршеленіп.
Көсем жоқтай қазақта жүрміз неге
Өзге жұрттың көсесін көсем көріп.
Өзі атқарып жүгірген көп тірлігін
Қазақтың кім білмейді өткірлігін.
Көк бөрі ел болсақ та таңырқаймыз
Бөрі көріп өзгенің бөлтірігін.
Ат үстінде өткен соң бар ғұмыры,
Ата жұрттың найзасы – тал-құрығы.
Тау қыраны секілді самғай алмас
Жат жұрттың екі басты самұрығы.
Маңайына көз салып, қасын керген,
Бізде жоқ па ару қыз шашын өрген.
Өз бағасын білмейтін елдер ғана
Бөтен жұрттың жасығын асыл көрген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу