Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.03.2022
185
ҰЯТ ХАҚЫНДА
Ағаштай ажыраған жемісінен
Үзілген өмір қанша желісінен.
Үйінен қашқан бала секілденіп,
Ар, иман кеткен безіп ел ішінен.
Ар, иман жер түбіне жоғалғасын,
Неге елдің қазынасы тоналмасын?
Алдына есігінің шауып келіп,
Арсыздық атын неге доғармасын?
Үлгерген жас баладай жатқа айналып,
Білемін елге ұяттың оралмасын.
Ізінен шаң суырып борандаған,
Сақтасын мергендерден сораңдаған.
Оқ атып шошытса егер,
Содан қайтып
Көліне аққу құс та оралмаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter