Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.03.2022
150

ЕЛ ҚОРУДЫ АЙТАСЫҢ...
Мертіктірсе көңілдің көк жорғасын,
Неге ендеше кеудеме өрт толмасын?
Ел торыған ұрылар ұлық болды-ау,
Ел қорыған Махамбет жоқ болғасын.
Ұры-қары көбейіп жол торыған,
Қаншама адам солардың өлді оғынан.
Ел қорыған Махамбет жоқ болғасын,
Қызғыш құс та жоғалған көл қорыған.
Жатырына ананың құм байланып,
Сорлатқасын елден ер тумай қалып,
Ел қоруды айтасың,
көл қору да
Жарар еді кетпесе мұңға айналып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇