file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  460


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚҰДАЙ БАРДА...

Жер бетінің сұмдығын дүлей көріп,
Бүткіл ғалам күн кешкен үрейленіп.
Ойран салған ойсызда есеп бар ма,
Отбасыңа жақсылық тілей келіп.
Көрінгенді көзге ілмей қыра берген,
Зұлмат күштер – қатыбас құла мерген.
Содан, сірә, жұлдыздар қашып барып,
Түнгі аспанға жамырап шыға келген.
Ару қыздай ынтыққан сүйгеніне
Қарай қалған жәудіреп сыйлы еліме,
Жұлдыздарды ұқсатам жез түймеге
Зеңгір көктің тағылған шинеліне...
Жұмақтың да есігін өктем ашып,
Күннен-күнге бүлінген шектен асып,
Адамдардың шошытып зұлымдығы,
Кеткен дейді Құдай да көкке қашып.
Құтырынған құйыны қырға тарап,
Күн кешсем де қайғы мен мұң арқалап,
Ардан тайып, ала жіп неге аттаймын,
Құдай барда көгімнен тұрған қарап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу