file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  218


Автор: Рафаэль Ниязбек

ІЗДЕР

Серуендеп қайтсам да қырға шығып,
Су сепкендей көңілім тұр басылып.
 Ескі жұрттан ізімді көп іздедім,
Терең көміп үлгерген құм жасырып.
Өмір үшін тағдырмен көп тіресіп,
Көктеді ме алдынан көктем есіп.
Неге ізімді таппайын,
Жайқалса егер,
Іздерімді қуалап шөптер өсіп.
Көңілімде бір аспан күркіреді,
Күркіреген даусынан қыр түледі.
Жал-жал болып жайқалған жасыл шөптер
Ізіме өскен шөп шығар, кім біледі?!
Біреулердің асығы алшы тұрған,
Мынау арсыз тірлікте сан құбылған.
Қанішерден елімді сақта, Құдай,
Іздеріне шөп шықпай қан шұбырған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу