file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  176


Автор: Рафаэль Ниязбек

АРҒЫМАҚТАР ТУҒАН ДАЛАДА


Қасқырлар талап түсімде,
Сарқылған қуат, күшім де.
Тұрғандай кейде сезінем
Ұстараның өткір жүзінде.
Біреулерге жазықтымын
Тірі жүргенім үшін де.
Сан алуан шөптер секілді
Кімдер жоқ елдің ішінде.
Жайыңды сенің білер кім,
Тұрғанда артпай құны ердің?
Ойлы елдің озса ойсызы,
Ұрысы ұлық ұлы елдің.
Сор, азап белден кешкенде,
Алдыңнан самал ескен бе.
Жығылсаң тұяғын төсеген
Есектер жоқ па есті елде.
Алысқа тартса көк кеме,
Қызынбасын неге от дене?
Кемеңгер елде сөз ұқпас
Кеңкелес жандар жоқ деме.
Мылтықтар барда оқталған,
Жан сақтар бізде жоқ қорған.
 Кит өсірген кемел елдің де
Иттері де ерен көп болған.
Найзағай ойнап санада,
Көрінсем де қилы салада,
Күйзелмей қайтем,
Шалғыны
Жайқалған жасыл жағада,
Ақымақтар қаптап жүрсе егер
Арғымақтар туған далада.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу