Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.03.2022
122
Кейде түннің ішінде
Кейде түннің ішінде,
Керемет бір түсімде
Қалқашымды көремін
Періштедей пішінде.
Естіп сонда таза үн –
Қалқашымның наз әнін,
Ойқастаған ойларды
Ойнақшытып жазамын.
Тұра келсем таңертең,
Тебірентіп ән өлкем,
Тербетеді тәнімді
Түсімдегі жан еркем.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter