Өлеңдер ✍️

  07.03.2022
  142


Автор: Абдрахман Асылбек

Туған жерім – тұрағым

Туған жерім – тұрағым,
Тартады да тұрады.
Көрген сайын құмарым
Артады да тұрады.
Бұраңдаған белдерін
Қарап келем айнала.
Дөңгеленген көлдерін
Балап келем айнаға.
Сылаң қағып сылдырап,
Ағып жатыр бұлағы.
Сәлемдесіп, сыбдырап,
Танып жатыр құрағы.
Көз үйірген Қаратау–
Көп жүгірген төбешік.
Аржағында Алатау
Жатыр көкпен теңесіп.
Батысында – Келесі,
Шығысында – Таласы.
Құлпырып әр белесі,
Жатыр Жамбыл даласы.
Қарсы алады алдымнан
Жора-жолдас, ән-думан.
Балалықты балдырған
Осы жерде қалдырғам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу