Өлеңдер ✍️

  07.03.2022
  133


Автор: Абдрахман Асылбек

Өзің айтшы ендеше

Түн ұзақка жағылып,
Шырағданым сөнбесе,–
Саған арнап сарылып,
Жыр жазғаным ендеше.
Көкке қадап көзімді,
Ешбір ұйқым келмесе, –
Жалғыз ғана өзіңді
Ойлағаным ендеше.
Ісімді үнем орап қан,
Бір ой маза бермесе, –
Көкейімде қонақтап,
Сен тұрғаның ендеше.
Келер күнді аңсатып,
Тәтті қиял тербесе,–
Көңілімде таңша атып,
Сен тұрғаның ендеше.
Дүниені, өзімді
Ұмытамын сен десе, –
Не дейін бұл сезімді,
Өзің айтшы ендеше?


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу