Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.03.2022
120
ЖенПИ
(әзіл)
ЖенПИ – қыздың атағы,
ЖенПИ – қыздың жатағы.
ЖенПИ десе жүректе
Жаңа бір таң атады.
Қашан көрсең жігіттер
Сонда бара жатады.
Махаббаттың азабы,
Сылқым қыздың мазағы
Барған күннен батады.
Еркесі ұзақ күттіріп,
Табанынан тік тұрып,
Қақпа алдында қатады.
ЖенПИ – қыздың мақтаны,
ЖенПИ – жігіт қақпаны.
Бара қалсаң жар іздеп,
Жан рақат тапқалы,
Қайыршыдай телміртіп,
Күзеттірер қақпаны.
Осы болар көргенің,
Өткізгенше ең кемі
Арада алты аптаны.
Сиреп кетсе баруың,
Өзі шығар аруың
Тықырлатып тақтаны.
ЖенПИ – қыздың бөлмесі,
ЖенПИ – қыздың көрмесі.
ЖенПИ десе жігіттің
Желігеді пендесі.
Ә дегеннен аптығып,
Құлап түсе көрмеші.
Сылқым да бар, паң да бар,
Шертіп жүріп таңдап ал,
Ұмтылса да он бесі:
Үлбіреген еріні
Әлдекімнің келіні,
Әлдекімнің жеңгесі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter