file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.03.2022
  220


Автор: Рафаэль Ниязбек

СОҚ, САҒАТЫМ!

Шабандығын үйреніп далалы елдің,
Неге менің сағатым қала бердің?
Соқ, сағатым!
Құштың ба кебін әлде
Шауып-шауып болдырған қарагердің.
Соқ, сағатым!
Бір минут қала көрме,
Тағылмасын мін болып саналы ерге.
Соқ, сағатым!
Сенсіз де достар қанша
Жұрт алдында қаратқан қара жерге.
Биігіне жете алмай құлап арман,
Жанарыма мұң қанша тұна қалған.
 Соқ, сағатым!
Кешігіп барамын деп,
Талай мәрте құр қалғам сыбағамнан.
Тіршіліктің жүргенде кешіп өрін,
Шабандықты мен қалай кешіремін.
Соқ, сағатым!
Бір минут қалсаң егер,
Мен де солай бір минут кешігемін.
Кешікпей де тоқтамай соқ, сағатым!
Аялдауға бір минут жоқ тағатым.
Берерімді кетейін елге беріп,
Қайырылмай тұрғанда көк қанатым.
Қилы мінез көрсетіп оқыс мүлде,
Жүріп жатыр санамда «соғыс» күнде.
Соқ, сағатым!
Сен тоқтап қалды екен деп,
Арбам тоқтап қалмайды жол үстінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Сағат
Сағат 29.04.2024 17:15
Өлендер

Пікір жазу