file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  724


Автор: Абдрахман Асылбек

Сатираның саңлағы

(Шона Смаханұлына)

Әуелден бала болып пысық туған,
Тілі ащы тікенектей қышып туған.
Тиісіп қыз-қырқынға тынбаған бір,
Секілді үй айнала күшік қуған.
Сондағы сол әдетпен қалыптасқан,
Жазды ол әзіл-оспақ жалықпастан.
Бұлақтай бұрқыраған тума талант
Ауылдан Алматыға алып қашқан.
Қарамай қиындық пен ауырына,
Қосылып ақындардың қауымына,
Семсерін сатираның сілтей соғып,
Парнастың қамшы басқан сауырына.
Іздеді кемшілікті дамыл алмай,
Жау бар деп жар астында тағы қандай?
Қоғамға кері тартпа кесапаттар
Қорықты Шона десе жаны қалмай.
Шөкеңнің өлмесіне сенемін мен,
Өзіме ұстаз тұтып келемін мен.
Асқардан тәлім алған алып тұлға,
Қазақтың Крыловы дер едім мен.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу