Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.03.2022
365
АЙТШЫ, ЖАНЫМ
Айтшы, жаным, неге тайдың сертіңнен,
Айтшы, жаным, от шығарып бетімнен.
Айтшы, жаным, біліп қана кетейін,
Өлсем-дағы сенің салған дертіңнен!
Айтшы, жаным, неден көңіл қалдырдым,
Айтшы,жаным, не деп серттен тандырдым?
Айтшы, жаным, не жазыппын мен саған,
Неге мұнша жүрегімді жандырдың?
Айтшы, жаным, неге суыды жүрегің?
Айтшы, жаным, талды ма әлде білегің?
Айтшы, жаным, қысып, құшыпсүйгнеде,
Жанбады ма, болмады ма тілегің?
1935. Орал
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter