Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.03.2022
184
САУЫНШЫ ЖЕНГЕЙДІҢ ЖЫРЫ
Сауыншымын,
Сүттен селді ағызған,
Сауыншымын,
Бармақтан бал тамызған,
Сауыншымын,
Колхозыма әйгілі,
Сауыншымын,
Сауып алғам бәйгіні.
Ақ телегей,
Сауған сүтім теңіздей,
Сиырым –піл,
Бұзауым бар өгіздей;
АғызамынБал қаймақтың өзенін,
Қарық болсын,
Деймін менің, өз елім.
Бақытым жоқ,
Тауып алған бір жерден,
БерекесінСауып алған бұл жеңгең,
Сол сүттей ақ,
Көңлім аппақ, жеңгеңмін.
Шырқап әнге
Той-думанға енгенмін.
1946
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter