file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  02.03.2022
  245


Автор: Сұлтан Оразалы

ОТЫРАР ОЙРАНЫ*

 


Жарық ақ сақалды қарт адамның бетіне түседі. Мұхамеджанов ораторийінің фонында қираған қала, өртенген дала, жөңкіле көшкен ел, өртке оранған егін көрінеді. Заманның беті ауық-ауық екінші экспо- зициямен алынады.


ЗАМАН: Ұрпақтарым менің, айтқалы отырғаным бағызы заман- ның зарлы қиссасы емес. Аруана інгеннің боздауындай естігенді еріт- кен ертегі де емес. Бұл шындық... бабаларың жайлы əңгіме. Ерлік дастаны бұл.


Талай заман ұрпақтан-ұрпаққа, ауыздан-ауызға көшіп, ұмытылмай, үзілмей айтылып келе жатқан қайғылы хал бұл.


Əне, əлемге əйгілі Отырар төбе. Маңы толы қисапсыз қорым. То- пырағы құнарлы, жусаны бітік. Мұндағы Қаратаудың тасы да қызыл күрең. Сырдың сары суы ылғи ішінен ыңырсып ағады. Сол опат болған Отырар. Сол шейіт болған бабалар сендердің тіршіліктеріңді осы өмірге жалғап кеткен еді. Сендер ездің ұлы емес, ердің ұлы болып өссін деді. Ақтық тынысын алып тұрып, көз жұмарда: «Тұяғым қырқылмаса екен» деп тілек етті. Иə, тұлпар тұяғы қырқылған жоқ. Өсті, өнді...


Шыр етіп жарық дүниеге келген сəтіңде сол баба рухы өзіңді алақанына салып, көтеріп алған. Солардың қаны сіңген топыраққа аунап өстің. Ер жеткенде бойыңа қылпыған қылыштай өткір намыс берді.


Осыдан жеті ғасыр бұрын жат жаудан өз жерін қорғап, қасиетті қаласы Отырарды қорғап жан қиған ардагерлер сөйлемек қазір. Ал тыңда, елестет сол бабаларыңды...


 


БІРІНШІ КӨРІНІС


Ежелгі қыпшақ қаласының үлгісі. Қызыл күрең қыш қабырға. Арғы жағында қарауыл мұнара қарауытады. Күмбез Сарайдың бір бұры- шы. Шаң басқан көшеде арлы-берлі өтіп жатқан шаруа адамдары көрінеді. Аптап, күн жерді жалап тұр. Алыстан бесін намазының азаны естіледі. Күмбез Сарайға қарама-қарсы бетте күркеде ұста дүкені тұр. Ішінде екі шал. Бірі құнжыңдап садақ исе, екіншісі əңгіме соғады.


ИМЕК ШАЛ: ...Қырып келе жатыр дейді. Бейне егінге жабылған көкбас шегіртке сияқты, құрттай қаптап, жүрген жерлерін қиратып, жайпап, таптап өтеді деседі. Жер-жаһанның барлық əміршісін өзіме қаратамын, бағынбағандардың басын аламын дейді екен. Сұмдық-ай, біздің Отырарға да таяп қапты деседі.












 
  

 


* Бұл телепьесаның жазылуына Д. Досжанов қатынасты.


 


ШƏМІЛ: Тəйт əрі, жүнжімей, жау келгенде біреуін жастығыңа алып жатпасаң, несіне еркек болып тудың?


Ат дүбірі естіледі. Шəміл мен Имек шал тыңдап қалады. Керілдескен дауыс.


АРЫСТАН: Кет енді, əйтпесе кеңірдегінді суырып аламын!


САРБАЗ: Көрерміз кімнің кеңірдегі кімде кететінін. Енді аяғыңды далаға қарай қия басып көр! Мен емес, келе жатқан жаудың торуылшы- сы-ақ басыңды қағып түсірсін.


АРЫСТАН (ерегісіп): Барамын, тағы да аң аулап қайтамын, қайтесің.


САРБАЗ: Датқаның əмірі екі болмайды. Беталды жүрген адамды əкеліп, байлап тастаймыз.


АРЫСТАН: Көрерміз.


(Кетеді. Арыстан паң, бозбала қалпы, ішке кіреді, қолында елік- тің басы бар. Садақ иіп отырған Шəміл шалды қасындағы Имек шал түртіп қалады. Шəміл селк етіп, жақтырмай қарайды.)


ШƏМІЛ (Арыстанды көріп): Ə-ə, қу қаңғыбас! Намаздышам көлең- кесіндей қоқиып келе жатқанын мұның. Жақында бері!


ИМЕК ШАЛ: Отағасы-ай, кешеден бергі ашуың қатты еді, сабап тастар ма екенсің!


ШƏМІЛ: Атасы жарымаған жөйттей қаңғисын да жүресің! Келе жатқан жау анау. Ертеден қара кешке жын қуасың ба осы?! Бəтшағар- ай, сен-ақ көзге күйік боп... Өл де маған...


(Шəміл шын қаһарға мініп, тірсегі сытырлап тұрып кетеді. Қолың- дағы садақ өрімімен Арыстанды арқадан тартып-тартып жібереді.)


ИМЕК ШАЛ: Япырмай, мына кəпір мыңқ етер емес қой.


ШƏМІЛ: Бұларды өстіп сабап тұрмаса болмайды. Атаның қаді- рін ұмытып кетеді. Қаныпезер ғой. Ақырзаманның жүгірмектері-ай десеңші!


ИМЕК ШАЛ: Қатын алып беріп, қан қақсатпайсың ба, отағасы. Аңның қайда, атының қайда екенін ұмытып кетсін. Миы ашып, қол- балаға айналады, көр де тұр.


(Шəміл шал ұмытқан нəрсесі есіне түскендей, санын бір-ақ соғады).


ШƏМІЛ: Міне, табылған ақыл. Көзіміз кіртиіп, шегіміз шуылдап өлетін болдық. Қазан ұстайтын да кісі қалмады. (Арыстанға жақын- дайды.) Күні бойы қараң батып жүріп ұстағаның мынау ма, ей! Япыр- май, аң да майдаланып кеткен, ə?


ИМЕК ШАЛ: Келінді болсаңыз, бүйтіп тоз-тоз болып жүрмес едіңіз, отағасы.


ШƏМІЛ: Бəрі сол ақжаулықтың жоқтығы да, өзім болсам төсектен қалып барам... Шыр бітпей жүрген босаға болды бұл. (Имек шал жеңінен тартады.)


ИМЕК ШАЛ:Тап мына көшеде тамаша бір қыз бар. Өзі сұлу, алдың- ды кесіп өтпей, иіліп, «сіз, біз» деп тұрады.


ШƏМІЛ: Ол қай қыз?


 


(Оң бұрыштан ақ шілтер бүркенген жас қыз шығады. Қолында құмырасы бар. Именгендей, қиястай бұрылып өтіп кетеді.)


ИМЕК ШАЛ: Нағыз қыпшақ сұлуы. (Дүрді көрсетеді.) Пысық-ақ.


Бұндай қызды қаладан табу қиын, отағасы.


ШƏМІЛ: Құрсаққа ел қонсын. Құдалыққа барамыз содан соң. Мына зытқырдан айрылып қалмай тұрып, істі тамамдайық.


АРЫСТАН: Айтып тұрғандарыңыз жаңағы Дүр ме? Е-е-е - и-и, тіпті жас қой. Қайдағыны шығарып.


ШƏМІЛ: Пəлі деген! Жас қыз алмай, қатын алмақпысың?! Ойлан- бай сөйлейсің, бəтшағар.


АРЫСТАН: Қадырға жаушы болғалы жүр едім. Бір пəле болды десеңші, енді.


ШƏМІЛ: Жаушы болу қайда қашар дейсің. Алдымен қатын ал, содан соң көрігімді басып беріп тұрасың ба?


АРЫСТАН: Өзіңіз де жаушы болып едіңіз ғой.


ШƏМІЛ: Пай-пай, баяғыны айтасың ба? Датқаға жаушы болып жүргенде аузынан ақ көбігі бұрқыраған Алпауыттың өзіне датқаның ширатпа қағазын найзаның ұшымен-ақ беріп едім.


ИМЕК ШАЛ: Пəлі деген! Ал мына иттер қатын алудан да қорқады. АРЫСТАН (қызығып): Сонсоң қайттіңіз?


ШƏМІЛ: Мінезі жаман ит екен, шауып тастай жаздады. Əйтеуір есебін тауып құтылдық.


АРЫСТАН: Ал торғауыттары ше?


ШƏМІЛ: Баламысың деген. Айлаңмен қоса күш те керек. Алғаш- қыларын алдап-ақ кетіп едім, соңғы үш-төртеуі сезіп қалды. Бұзау көкпар тартып жүрген кезіміз, несіне қарайын, жайраттым да кеттім ғой.


ИМЕК ШАЛ: Сол кездің өзінде басыңыз бос емес шығар.


ШƏМІЛ: Ей, тұра тұршы. Қатынды қайтеміз ол кезде, жаушы болған соң. Айтпақшы, ей, Арыстан, Қадыр датқаға арнап соққан қылышым бар еді. Міне, Асфаһани қылышынан кем емес. Сен соны апарып берші. (Қылышты береді.)


ИМЕК ШАЛ: Əлгі... құдалық...


ШƏМІЛ: (Қолын бір сілтейді. Арыстанға) Жарайды бос салақ- тағанша Қадырға сарбаз-ақ бол. Айналаны торыған жау. Ақылды адам солай істейді. Бар!..


 


ЕКІНШІ КӨРІНІС


 


Қадыр датқа сарайы. Есік аузында найзаларын айқастыра ұста- ған күзетшілер. Шығыстық үлгідегі үлкен бөлме. Терезесінен биік мұнаралы Фараби медресесі көрініп тұр. Төрде биіктеліп салынған жайлы орында Қадыр мен Қайыр жəне Жауһар отыр.


Қыздар биі ойналады. Олардан соң сарбаздар биі. Қадыр мен Қайыр сарбаздары өз ерліктерін мадақтайтын жаугершілік биін билейді.


 


ҚАДЫР: (Қолын көтеріп) Жарайды, тарқаңдар. (Жауһар да кетеді.


Қайырға) Қанша сарбазбен келдім дейсің?


ҚАЙЫР: Жиырма мың! Бірақ селдей ағып жер дүниені жалмап келе жатқан Шыңғыс қолына ол тосқауыл болар ма?..


Көктемгі тасыған Яқсартының суын шілік тоқып бөгегенмен бірдей дағы!...


ҚАДЫР: (Түйіле жалт қарайды) Бұл не? Ұлы мəртебелі Мұхаммед шах қолбасының ең жаужүрегін жіберді ме десем?..


Онда несіне қызыл танау болып Үргеніштен бері табаныңды тоз- дырдың?


ҚАЙЫР: (Тез құбылып) Жоқ, жоқ, əкə! Мен тегі, жер жаһанның жарты- сын жаулаған Шыңғыс қолының көптігін ғана айтамын... Мен əншейін...


(Қадыр үнсіз. Қатты толғаныста. Ауыр жаралы сарбазды əкеп кіргізеді.)


1-САРБАЗ: Тосқауылдан оралды. Қашып құтылыпты.


ЖАРАЛЫ САРБАЗ: (Қатты қиналып) Алдияр! Халық қаны судай ағуда... Жазықсыз диқан... бейкүнə нəрестелер ат тұяғында тапталды. Тек отап келеді. Жүрген жерлерін өрт шалғандай. Алдияр... қылыш қағысып, жауымен алыстым...


Кегім кетті... Арманда... (Өледі. Бəрі үнсіз тұрып қалады.)


ҚАДЫР: (Өлген сарбазды нұсқайды.) Арулап көміңдер. Қатын-ба- ласына азық жеткізіңдер! (Сарбазды алып кетеді. Сырттан тағы бір сарбаз бен қыпшақ батыры кіреді.)


ҚАРА САҚАЛ: (Қадырға) Маңайдағы көп қыпшақтар жауға төтеп бере алмай, көшіп келіп, Алдияр, қақпаңыздың алдында тұр. Шыңғыс қолы қыпшақ даласын қанға бояп келеді. Қорғансыз елді тұрымтай- дай тоздырып, қатынын күң, баласын құл етуде. Алдияр, айыр сақал əңгі шалдың алдында қор өліммен өлеміз бе немесе туған жер үшін жағаласып құласақ болмай ма?! Бізді қорғаныңа кіргіз. Төскейде төліміз қосылған, бір Яксартының суын бөліп ішкен ежелгі қыпшақ-қоңырат емеспіз бе? Бірге қорғаналық, өлсек көріміз бір болар, жеңсек шығар төріміз де бір болар. Не айтасыз?


ҚАДЫР (Сарбазға): Кіргізіңіздер. Бала-шағасын кеңірек тамдарға орналастырып, өздерін сарбаздарға қосыңдар. Тек абай болыңдар, жымысқы-сатқындар араласып кетпесін. (Сарбаз кетеді. Қайырға) Сарбаздарыңды тəртіпке келтір. Қорғанның батыс бөлігіне құм, тас, қыш тасыт! Қала сыртындағы орды терең қазыңдар! Құмырсқадай қаптаған қаһан қолының талай жемтігі қалар сол жерде.


ҚАЙЫР: Құп! (Иіліп шығып кетеді.)


ҚАДЫР: (Жалғыз) – Ел сыналар, ер сыналар сəт жетті. Жер мен көкті шаңдатқан қалың нөпір қара қол əзірейілдей-ақ қаптар. Жан алғыш- тай жалаңдап, ежелгі Отырар қақпасын иығымен итеріп құлатардай аптығып келер. Бірақ арындарсың, арындарсың! Бабаларым ғұмыр кешкен, өзім шыр етіп түсіп, кіндік қаным тамған қасиетті топырақты кеудемде жан тұрса сендерге таптата алмаспын. Құдіретті Фараби


 


бабам, рухыңа сиындым, қан майданның үстінде демеу бол ұлдарыңа! Сиындым... (Басын ұстап отырып қалады. Ақырын басып Жауһар кіреді де, Қадырдың сөзін естіп тұрып қалады. Күйеуіне келуге бата алмай, тықыршиды. Қадыр Жауһарды көріп, тез серпіледі.)


ҚАДЫР: А, Жауһар! Келші, бері келші, жаным! (Жауһар жүресінен отырып, басын күйеуінің тізесіне қояды.)


ЖАУҺАР: (Даусы ақырын, булыға шығады.) Неге қиналдыңыз, батыр? Мұндай күйзелуіңізді көрмеп едім ғой.


ҚАДЫР: Жəй, əншейін, жаным! Соғыс басталады. Аздаған соның қамы да.


ЖАУҺАР: Қырғын? Қаһанмен? (Қадырдың бауырына тығылады.)


Қорқамын!


ҚАДЫР : Кімнен? Жаудан ба?


ЖАУҺАР: Жоқ. Сені аямайды ғой... Көп қой олар...


ҚАДЫР: (Күліп, əзілдеп) Пəлі, шіркін! Мынандай қасиетті қорғаны, сен сияқты қолдауы, сүйеніші бар жанды жау ала ма екен? Жауһар, қадірлі Жауһар! (Сəл қиялға еліктеп) Сені тұңғыш көрген сəтім, ең ыстық шағым көз алдымда. Отырардың сол саялы хауызы, сенің сон- дағы əсем күлкің... Шіркін, Жауһар! (Құшақтайды.)


ЖАУҺАР: (Өкпелеп, бұртиып) Не қазір ше, көңілің қалып па еді, пірім? ҚАДЫР: Жүз есе артық қымбаттысың, Жауһар!


(Сырттан айқай, тасыр-тұсыр естіледі.)


1-ДАУЫС: Өй, өгіздей болған неме, кимелемей тұра тұр дедім ғой.


Қарашы өзінің тесіктен түсіп жүргенін. Шауып тастайын ба осы!


АРЫСТАН: Адыраңдама, қылыш менде де бар. Атамның Қадыр датқа- ға арнап соққан қылышы. Сендейлердің жүздеп басын кесуге жарайды. Ал өгіздей деп, сен де жетісіп тұрған жоқсың, сабадай күмпиіп.


САҚШЫ САРБАЗ: Сен тіпті тіл тигіздің бе, найсап!


(Қылыштар сарт-сұрт етеді.)


БІРІНШІ САРБАЗ: Өй, қойыңдар! Тоқтаңдар!


АРЫСТАН: (Сарбазға қадалып) Ал сен тесік түгіл, есіктен өте алмайтындай болып майланып кеткенсің. Қыз аңдудан басқа қолыңнан түк келмейді, сарбаз емессің!


ҚАДЫР: Бұл не жанжал! Мынау кім?


САҚШЫ САРБАЗ: Білмейміз. Қорғанның тесігінен қарғып түсіпті.


Жəне сізге кірем деп жанжал шығарғаны.


ҚАДЫР: Сен бала, рұқсатсыз қосқа неге түсесің? Базар деп пе ең бұл жерді? Онымен қоймай сарбаздарыма тіл тигізесің, ə!


АРЫСТАН: (Абдырап қалады) Мен сізге, мынаны... (қолындағы қылышын көрсетеді.)


ҚАДЫР: Не?


АРЫСТАН: (Одан сайын қысылып) Сізге Шəміл атам беріп еді, мына қылышты.


ҚАДЫР: (Көңілденіп) Уай, сен əлгі өзіміздің Шəміл ұстаның тұя- ғымысың, ей. Пай! Пай! Пай! Өгіздей боп кетіпсің десем ғой, тағы


 


ашуланасың. (Маңындағылар қарқылдап күледі. Арыстанның арқа- сынан қағады.) Қарай гөр! Атаңа тартсаң, ержүрек боларсың. Сар- баздыққа қалайсың?


Арыстан (көзі жайнап): Жаушы болу арманым. Өзіңізден өтінгелі келе жатыр едім. Мыналар... (Жанындағы сарбаздарға ала көзімен қарайды.)


ҚАДЫР: Жарайды, жарайды! (Күледі.) Атың кім еді? АРЫСТАН: Арыстан.


ҚАДЫР: Ал сенің сарбаз болғаныңа сыйым болсын, осы қылышты өзіңе тарттым. Жауға қайыспай сілтерсің!


(Ентігіп бір сарбаз кіреді.)


САРБАЗ: Алдияр... алдияр!..


ҚАДЫР: Не болды? Не болып қалды, айтсаңшы!


САРБАЗ: Қара құрттай... жердің беті көрінбейтін қалың қол қаланы қоршай бастады..


(Жүгіріп Қайыр кіреді.)


ҚАЙЫР: Алдияр... Жер дүниені жау басып кетті. Қаһан қарсы бетке өз шатырын тіккізіп жатыр. Қақпа аузына жаушы жіберіпті. Не істейміз?


ҚАДЫР: Жə! Не болды абдырап? (Сарбаздарға.) Ер жастанып, сүңгі толғар күн туды. Қаһан келсе атаң ба еді ол қол қусырып қарсы алатын. Жаушысына жебе жаудырыңдар.


(Экран қанды, қызыл күрең түске боялады. У-шу, айқай сүрең естіледі. Жорық музыкасы ойналады.)


ЗАМАН (ірі планда үнсіз, аса таяғына сүйеніп, бүгіліп тұр): Міне, Отырарға да қанды селебе жетті. Қақпаның алды қан болды, қаланың маңы шаң болды, бейбіт жатқан тыныш ел осылайша даң болды....


 


ҮШІНШІ КӨРІНІС


Шағатайдың қосы. Төрде Шағатай жорықта алып жүретін алтын тақтың үстінде малдасын құрып отыр. Мұрты ежірейіп құлағына жетеді. Алдында тізерлеп тұтқын сарбаз отыр. Сырттан абдырап Самұрық кіреді.


ШАҒАТАЙ: Сөйле!


САМҰРЫҚ: Əміріңізге құлдық, тақсыр. Отырар берілетін емес. Тағы да жебе тастады. Шабуыл бастаған қолдың төбесінен жебе мен тас жауып кетті. Болмады.


ШАҒАТАЙ: Не? Тырақайлар өңшең. Əне бір тас атқыш тақыл- дақтарың ше?


САМҰРЫҚ: Ойбай, одан да қауқар болмады, тақсыр. Атқан тасы қорғанның басына жетпей, қайта түсіп, өзімізді қырып кете жаздады. Тұтқындар да таусылып барады. Өңшең бір тырысқақ немелер. Əрқай- сысының соңында біреуіміз жүрмесек, қадам баспайды. Көп сарбаз солардың топшысынан шейіт болды. Не қыларсың?


ШАҒАТАЙ: (Тұтқынға) Сөйле, тұтқын. Қала халқы немен қорек- тенеді. Суды қайдан алады?


 


ТҰТҚЫН: Мал етімен, аң етімен, ұшқан құспен, суда жүзетін ба- лықпен, дəнмен қоректенеді, тақсыр.


ШАҒАТАЙ: (Қолын көтереді.) Жə, суды қайдан алады дейсің? ТҰТҚЫН: Су жер астындағы құбырлар арқылы көше-көшеде құйы-


лып тұрады.


ШАҒАТАЙ: Əйел баласы ше?


ТҰТҚЫН: Тақсыр, қалада əйел өте көп. Кіл қарақат көз, қыпшақ сұлуы. Өздері өте төзімді.


(Шағатай жетеді дегендей белгі береді.)


ШАҒАТАЙ (Самұрыққа): Қаланы түгел қоршаңдар. Ұшқан құс та төбесінен өтпесін. Өзен бетті түгел тінтіп, құбырлардың көмейін бітеңдер. Қатсын солай, аштан қырылсын! Сарбаздарға айт, қала толы сұлу əйел, бұрын кірген қалағанынша қатын алады.


(Қолын сілтейді. Самұрық шығып кетеді. Шағатайжалғыз. Тұсында ілулі тұрған найзаны алады. Найзаның ұшында бір топ шаш байланған.) Шаш мынау. Əрбір талы – бір-бір жаудан жұлынған. Ат жалын тартып мінгелі алдымда жер құшқан, қан құсқан жауым қанша. Мінеки! Жер- дің бетін былғап, құжынаған құнсыздар. Əлі талай тал шашың найза ұшына байланар. (Сөйлеп жүріп екі иығы дірілдеп отырған тұтқынға жақындай береді. Ананың құты қашып, селк-селк етеді.) Құны жоқ. Өңшең жəутік немелер түге, шашын қолға ілікпейтін етіп, қырғызып тастауын? Басынан ұрып қалады да, сақалынан бір талды жұлып алады. Ал, қасиетің сақалыңда болса.


ТҰТҚЫН: О, тақсыр, жаппар ием, құдіреті күшті пірім, шыбын жанымды қисаңыз етті. Сақалымның бəрін жұлып берейін, өлтіре көр- меңіз. Артымда қатыным, балам...


ШАҒАТАЙ: Қатыныңа ие табылар. ТҰТҚЫН: Балам, балам...


ШАҒАТАЙ: Өй сорлы! Сенің балаңсыз дүние қараң қалар деймісің. Өлетініңді біле тұрып, несіне асықтың. Онсыз да арамзалар бұл дүниеде жететін. (Үзіп алған сақалды найза ұшына байлайды. Сырттан басына ат құйрығы байланған найза көрінеді.) Рұқсат! (Самұрық келеді.)


САМҰРЫҚ: Құдіретті қаһаннан жарлық бар, тақсыр.


ШАҒАТАЙ: (Тұтқынды нұсқайды.) Мынаның бір тал сақалы алынды. (Самұрық тұтқынды шырылдатып сыртқа алып шығып кетеді. Артынша қылышын етегіне сүртіп, қайта кіреді.)


САМҰРЫҚ: Құдіретті қаһаннан жарлық бар, тақсыр. Хорезм қира- ды. Тез арада Отырардың күлін көкке ұшырсын, күллі сарбаз қырылса да, қаланы алсын дейді.


ШАҒАТАЙ (түнеріп тұрған бойы): Жарлығы орындалады. Қо- сымша күш жіберсін. Қол сарқылып барады. Аянып жатқанымыз жоқ. Қу медиендегі қу моладай киесіз қала екен, қайдам, қаһан қолын қансыратып жүрмесе. (Тағына барып отырады. Сарбаз шығып кетеді.) Қала, қала! Өңшең жын-перінің ойнағы. Кітап ашып, шəкірт ұстап, балаларын оқытып, милары ашуға айналған. Ұрпағы да азғындап


 


барады. Күлін көкке ұшырып, жел соқтырып, ен далаға емін-еркін қоя берсе ғой. Өмір дəнін тұшынар еді сонда. (Орнынан тұрады.) Иə, садақ тартып, сайран салмай дүниені қор қылуға бола ма? Қорған... қала... шаң-шаң көше... кітап ха-ха-ха!


(Соғыс сарыны, атыс-шабыс, қырғын   Қаралы музыка тынымсыз


ойналып тұрады.)


ЗАМАН: Тағы да шегірткедей қаптап, қосымша күш келеді. Отырардың қанға жуылған қабырғасында өлім ойнақтап масайрайды. Сарғыш қышты пана тұтып, туған жерін қорғаған ер ұлдар, ендігі тірегің – берекең мен бірлігің. Бекем болыңдар, ұрпағым!


 


ТӨР ТІНШІ КӨРІНІС


 


Күмбез сарай. Қадыр жалғыз. Жүдеген, қатулы. Жау қуғандай аптығып Қайыр кіреді.


 


ҚАЙЫР: Құмырсқадай қаптады... Жалпақ дала өре түрегеліп, обырдай опқалы келеді. Қаланы жұтады олар. Берілу, тек берілу керек. Жан сақтау...


ҚАДЫР: Тоқтат сандырағыңды!


ҚАЙЫР: Сандырақ емес, саралы сөзім. Берілуден басқа жол жоқ. Хорезм құлаған. Үргенішті талап жатыр. Біз кімбіз сонша! Иілген басты қылыш кеспес болар.


ҚАДЫР: Тоқтат! Есің түзу ме сенің? Қылышқа қылша мойныңды өзің тоспақшымысың?


ҚАЙЫР: Тосамын, бірақ кеспейді!


ҚАДЫР: Жаттығыңды жау қашан кешіп еді?


ҚАЙЫР: Кешпесе – кінəлі жалғыз сенсің. Төрт жүз елу кірекештің қаны сенің мойныңда. Беріл, берілме – саған бəрібір өлім. Өз жолыңа бізді де құрбан етпексің бе? Жо-оқ! Болмас. Күнəһардың кірін жуар шақ емес! ҚАДЫР: Тоқтат, опасыз! (Қылышпен тап береді. Қайыр қарсылық көрсетеді. Сол кезде сарбаздар келіп екеуін ажыратады.) Апарыңдар, қамап тастаңдар! (Қайырды əкетеді. Шəміл мен Арыстан кіреді. Иіліп


тағзым етеді.)


ШƏМІЛ: Алдияр! Ел басына күн туғанда ердің күні нешік? Халіңді біле келдім. Талай айдың жүзі болды, жауыңды кеудеден соғып, қалаң- ның киелі топырағын бастырмай тұрсың. Ол да болса сенің қайратың, пірлердің жебеуі. Мына біз де қасық қанымыз қалғанша жауыңа сілтер қылышың болармыз.


Алдияр, алдыңа тіршілік қамы, пендешілікпен келдім. (Арыстанды көрсетеді.) Мына жаман бір атадан қалған жалғыз тұяқ еді. Қазіргі өз сарбазың. Олай-бұлай болып кетсек, ұрпақсыз қалар түріміз бар. Осыған қалыңдық айттырып ем, шаңырағын көтеруге бірер күнге рұқсат бер.


ҚАДЫР: Сөзіңді ұқтым, қария! Құтты болсын! Менен рұқсат. Жас


 


сарбаз қалыңдығының қасыңда үш күн болсын. Жағдай ауырлап кетті ғой...


(Салмақ көтергендей бүгіліп, қылышына сүйеніп отырады. Шəміл мен Арыстан иіліп шығып кетеді. Қадырдың маңдайына ғана сəуле түсіп тұр. Жарық қайта жанғанда ту сыртында Жауһар тұрады.) Сенбісің? Аруақтай болып жүдеп кетіпсің. Қорыққансың-ау. Қорған басына шық- қансың ғой шамасы. Тордағы құстай туған жеріңді сағындың ба? Сыл- дырап, сыңғырап тұратын күлкің қайда? Ыстық күндей ықыласың ше?


ЖАУҺАР: Не дегенің, пірім-ау?


ҚАДЫР: Жау басып кірсе əуелгі жебе маған қадалар. Бірақ сен сияқты сұлуларға жау жебе тастамайды. (Жауһар дір ете түседі.)


ЖАУҺАР: Жоқ. Жоқ, пірім, бір түйір дəн қалса, əуелі сізге беріп, аяғыңызда жатып, армансыз көз жұмармын деуші едім. Жаудың оғы бұйырмаса, сізбен бірге шейіт болар амалым да бар бойымда.


ҚАДЫР: Не дейді?! У ма? Əкел бері, сал қолыма! Сенсіз менің күнім не?


(Қолын созады. Жауһар жасқанып кейін шегінеді. Арты қараңғы- лық.) Əке-л-л! (Жауһар қолын кеудесіне апарып, сəл-сəл тұрады да, дір-дір етіп Қадырға қолындағы уды ұсынады.)


ҚАДЫР:     Медеу едің, жылу едің жаныма, Сұм ажалды жабыстырып жаныңа. Асықтың-ау тəтті өмірден кетуге, Түн табы ма, жайлап алған бетіңде. Сен бейкүнə, жауқазыным тəрізді, Ат тұяғы оңай езіп кететін.


Мен қыш қорған Жауға қайрат ететін.


(Жауһардың қылықты бейнесі, нұрлы да, мұңды жүзі көрінеді. Ол Қадырға əлдене айтқандай болады. Дауысы біртіндеп айқын естіле бастайды.)


ЖАУҺАР: Асылым, асқағым сен, кесек нардай, Жарыңды ұмытпаңыз көп күн бармай. Жау жатыр қанға бөгіп, қамал алмай, Пірім-ау, қайрат істе, қапы қалмай! (Біртіндеп қараңғылыққа сіңіп кетеді.)


ҚАДЫР: (ойлы, толғанып) Қара бұлт бүркеп алған көгімді. Жау масайрап баса алмас төрімді. Кіреуке сауыт сөгілді, алқызыл қан тө- гілді. Бабаларым ез болуға жазбаған. Қайта соқпас жадыраған жаз маған. Күз де аяқталып келеді. Қыс түседі. Жарты қолдан айрылдым. Жұртым жүдеу, аштық, азап, жартысы сол қайғымның.


(Алыстан соғыс сарыны естіледі. «Ұр-ə! Ұр-ə!» деп ұрандаған сарбаздар даусы келеді.)


Қайрат қылам! Жау табаны менің мүрдемнен ғана аттап өтер қала- ма! Өлісеміз, беріспейміз! Уа, бабаларымның рухы, сақтай гөр Отыра- рымды!


 


БЕСІНШІ КӨРІНІС


 


Шағатай өзінің қосындағы алтын тағында отыр. Жанында кү- зетші сарбаздар тұр. Бір бұрыштан елеусіздеу ғана Заман келеді. Самұрық есіктен сүйрелеп Қайырды алып кіреді. Сəлдесінің бір ұшы тарқатылып, аяғына оралып жүр. Сауыт-сайман, қару-жарақ жоқ, үсті-басы өрім-өрім. Жақсылап сабалса керек.


 


ЗАМАН (ірі планда): Бұл – өткен түнде қақпа күзетшілерін қырып, бір топ əскерімен қапылыста жауға қашып кеткен Қайыр батыр. Өз бауырла- рына қылыш көтеріп, елін сатып, жауынан жанын сауғаға сұрамақ.


(Самұрық Қайырды желкеден бір түйіп шөке түсіреді. Ол төрт тағандап Шағатайға қарай жорғалай жөнеледі.)


ШАҒАТАЙ: Тоқта. Бұл не?


САМҰРЫҚ: Əлгі қарғыс атқыр қаланың қолбасыларының бірі.


Қолымен келіп бізге таңға жақын берілген еді.


ШАҒАТАЙ: Сен де қолбасымысың ей?!


ҚАЙЫР: Иə, құдіретті, жаратқан ием. (Шағатайға қарай тағы жор- ғалай жөнелді.) Менмін, менмін ғой əлгі берілген, өз еркімен келген қолдың басшысы.


ШАҒАТАЙ: Тəйт! Тоқта!


ҚАЙЫР: (Жата қалады)... Қаһарыңызға құлдық, қарсы тұруға бата алмай... өзіміз келдік. Қара бет Қадыр емеспіз ғой біз... өзіміз... Шыбын жанымызды...


ШАҒАТАЙ (жиреніп, мұрты едірейе қалады): Өз пірін сатқан жек- сұрын! Жаулыққа татымағанда, достыққа жараушы ма едің?


ҚАЙЫР (басын соғып жылап жалынады): Хан ием... Хан ием, қасық қанымды кеш... Хан ием..


ШАҒАТАЙ: Тəйт əрі! Самұрық, бір тал сақалын жұлып берші, қақсатпай.


(Қайырдың шырқыраған даусы естіледі. Оны сүйреп əкетіп бара жатқан Самұрыққа.) Өлексесін өз қорғанының іргесіндегі орға лақ- тырып жібер. (Самұрық шығып кетеді Шағатай жалғыз.)


ШАҒАТАЙ: Үш айдың жүзі болды, дүниені тітіреткен қалың қолдың осы бір қыш қорғанға ұйлыққанына. Қадыр! Қаным сенімен қараяр. Тірідей үйтер едім қолыма түссең! Арқыраған арыным қаңырайған жа- ман қорғанға тіреліп қанды көбікке айналғаны ма!? Масқара-ай! (Отыр- ған орнын ұрып-ұрып жібереді.) Қырамын, қырамын... ойбай қырамын. Самұрық! Уа, қараң батқыр Самұрық! (Жүгіріп Самұрық кіреді.)


САМҰРЫҚ: Жылы саумал ішесіз бе? ШАҒАТАЙ: Сандалма əрі, қайда əлгі сарбаздар?


САМҰРЫҚ: Қайдағы сарбаздарды айтасыз, құдіретті ием? ШАҒАТАЙ: Ұрыстан шошып, қаладан қашып келгендер ше? САМҰРЫҚ: Күллісі іргеде көгендеулі.


ШАҒАТАЙ: Бір-бір талдан сақалын жұлып əкел бəрінің.


 


САМҰРЫҚ: Құп болады, тақсыр ием (Шығып кетеді. Сыртта айғай шу. «Ұр-ə, ұр-ə!» деген ұран, ат дүбірі, жылқының кісінегені естіледі.) ШАҒАТАЙ: Бұл не жосын тағы да. (Самұрық ентігіп жүгіріп кіреді.)


САМҰРЫҚ: Тақсыр ием, қапы қалдық! Қадыр қолы тұтқиылдан тиісті. Желідегі жүйріктерден айрылдық. (Шағатай атып тұрады.)


ШАҒАТАЙ: Неғып тұрсың ендеше? Қу, құтқарма! САМҰРЫҚ: Қаласына кіріп кетті.


ШАҒАТАЙ: Жау алғырлар-ай! Дүбірің көп, өңкей дүмей! Етегімнен тістеттің бе жауыма. Өзің баста түменді. Қақпасын қират, қорғанын жайрат, намысымды жіберме! (Самұрық өңкеңдеп шығып кетеді).


 


АЛТЫНШЫ КӨРІНІС


Жарық орталық көшелердің бірін көрсетіп тұрады. Арғы жағында Күмбез Сарай, шаң ба, тұман ба, экран буылдыр. Қатын-қалаш қапқа топырақ толтырып жатыр. Жауынгерлер жүгіріп өтеді. Қарбалас қимыл. Бір бұрышта дүңкілдетіп балға соғып Шəміл шал тұр. Əр кезде тық-тық жөтеліп қояды. Осы сəтте қорған басынан Самұрық домалап түседі.


САМҰРЫҚ: Өлдім ойбай. Сегіз көзім сынды ма, əлде... Құданың құдіреті-ай, ой-ой-ой... Нем бар еді, жау қуып...



  • ƏЙЕЛ: Ой адыра қалғыр, мынаусы кім ей!

  • ƏЙЕЛ: Аналардың батыры болу керек. Талай көргем қорған сыр- тында тұрып бізге боқтық боратқанын. (Қолындағы қалақпен дүңк еткізіп салып жібереді.)


САМҰРЫҚ: Ойбай, өлдім! Қатындар-ай қойсаңдаршы. 1-ƏЙЕЛ: Байымызды өлтірдіңдер қаныпезерлер!


САМҰРЫҚ: Бəрі де құдайдың жазуы! Ажалы жетті – өлді. Жазым солай болса біз де... жөнеп кетерміз. (Бірінші əйел бетін басып сыңсып отыра қалады. Екінші əйел Самұрықты қалақпен тағы салып жібереді. Жұрт жиылып қалады.)


2-ƏЙЕЛ: Қарашы жағың қарысқырдың, қақсап жатқанын. Обалы жоқ малғұндардың.


ШƏМІЛ: Бұл не шу? Мынасы кім тағы да? Жарғақ шалбар бұтында, қос тал сақал ұртында. Жау ғой. Жау... Иə, пірлер, жебеңдер... Əй, айтшы кəне, не құндарың қалды бізде, ата жаудай алысатын. Төсегіңнен шықтық па? Жер жетпей ме. Құжынайсың, қырыласың... Əміршің кім, Аллаң кім?


САМҰРЫҚ: Ойбай, сегіз көзім... Мына мыстандар жеп қоятын түрі бар. Мен білмеймін, ақсақал. Шап дейді – шабамын, өл дейді – өлемін. Бəрі анадан... (Сұқ саусағын шошайтып көкті нұсқайды.)


ШƏМІЛ: Кімнен?


САМҰРЫҚ: Құдіретті Қаһаннан. ШƏМІЛ: Оның қайда?


САМҰРЫҚ: Аспанда.


 


ШƏМІЛ: Уай, ақымақ, көкірегі соқыр. Сені де пенде деп сөйлесіп тұрмын-ау... Ал ұстаңдар аяқ-қолдан... (Бəрі Самұрыққа жабылады.) Міне өстіп, қорғаннан асырып лақтырып жіберейік. Аш қарғаға жем болсын. (Самұрықты қорғанның сыртына лақтырып жібереді. Қадыр келеді.)


ҚАДЫР: Иə, кəрия! Тықылдатып жатқаның не?


ШƏМІЛ: Қылыш сынығы ғой, кездік шыға ма деп... қорғаның қалай, жарқыным? Берік пе əлі?


ҚАДЫР: Мана қаптап келді, жан аямай сілкіп салдық. Бір түмендей болып қалар шайқасқан.


ШƏМІЛ: Арыстаным қайда?


ҚАДЫР: Таң бозында он жігітке бас қылып, жауға жібергем. Халық аш, сарбаздар өз аттарын сойып жеп жатыр. Арланыңыз талғажу қы- латын жылқы əкелер бұйырса.


ШƏМІЛ: Қайдағы жылқы, тақсыр?


ҚАДЫР: Жау қолының мініс аты желіде тұр тап қазір. Барады да желіні қиып, жылқыны қорғанға қуады. Сəтін тауып, қақпаны ашып кіргізіп аламыз. Қуғыншы мол, қатерлі жол, басқа амалым қалмады. Осы жолға Арыстан-ақ жарайды деп сенген ем. Бекін қария, бабаларым өзіңді де жауға салып шыңдады емес пе?.. (Сырттан қатты шу, ат дүбірі шығады. Жаралы Арыстанды кіргізеді. Бір жауырынына жебе қадалған. Шəміл шал ұлының басын сүйейді.)


ҚАРАСАҚАЛ: Тақсыр, қақпа алдында Арыстан қансырап, сəл кідіріп қалдық. Бір үйір жылқы əкелінді. Он жігіттің үшеуі ғана аман жетті.


ҚАДЫР: Жарайсыңдар, арландарым. Арыстанның жарасын көреді.


Құрым күйдіріп басыңдар.


ШƏМІЛ: Жарасы ауыр. Уа жаратқан, жар бола көр. Зарлата көрме кəрі атандай атасын, боздата көрме жас қосағы ботасын...


ЗАМАН: Көктем исі сезіледі. Бірақ та қанды қырғын бір де сəт толас тапқан жоқ. Қыш қорған шөгіп, азамат арыды, ару тозып, аналар аңырады. Қадыр сарбаздары да күн санап кеміп барады. Тірегінен айрылып қайран ел аңдай босар ма?!


Көктем исі сезіледі, бірақ та Отырар аспанын торлаған ажал серпілер емес...


ЖЕТІНШІ КӨРІНІС


Жарық жанғанкезде шағын үйдің ішкі бұрышы көрінеді. Дүниесі жоқ. Төрде самсаған қару-жарақ, ер-тұрман. Кесек сəкінің үстінде жаралы Арыстан жатыр. Алыстан Күмбез Сарайдың сұлбасы шалынады.


АРЫСТАН (шошынып): Жау қаптады. Тұрамын мен. Атты əкел. Дүр, Дүр, қайдасың? Қолтығымнан сүйеші келіп. (Асыға басып Шəміл кіреді. Басын таңып алған.)


ШƏМІЛ: Арланым-ау, тыншышы енді. Жаңағы байғұс қайда жүр, осыншама кешігіп.


АРЫСТАН: Су жұтқызшы.


 


ШƏМІЛ: Қазір, қазір, арланым. Апырмай, байғұс келін қайда жүр екен, құдықтар да қурап қалды. Су таппай қаңғып кетті-ау.


АРЫСТАН: Өзегім талып барады.


ШƏМІЛ: Шыда, арланым. Қайда құрып кетті. Байғұс-ай! (Дүр кіреді.


Қолында құмырасы бар. Арыстанға су жұтқызады.)


АРЫСТАН: Уһ, жаным-ай!


ДҮР: Құдық біткен қурап, кеуіп қалған. Күмбез Сарайдан əкелдім, ата. Көше толы өлген адам...


ШƏМІЛ: Тфе, тфе, нең бар қарап, жүрегің ұшып кетеді ғой. Мен тұлпарды қарап келейін. Қасында бол, қарағым. (Шəміл сыртқа шығып кетеді. Дүр бір тізерлеп отыр.)


АРЫСТАН: Қала қалай? Қорған берік пе? Қансырады-ау Қадыр қолы! Қайран, қайта тұрар күн туса... жамбасым сарғайып, шіріп жат- қанша, жұлқысып өлген артық та...


ДҮР: Таусылмашы, Арысым! Жазыларсың, жер басарсың. Əзір жау жақ тыныш. Жоғарыдан жарлық күтіп, қол күшін сығымдап жатқанға ұқсай- ды. Бұқарадан Қаһан келіпті. Арыстан селк етіп, кеудесін көтеріп алады.) АРЫСТАН: Қаһан! Кімге?... (кекетеді) Қыпшақтардың өз рухы, өз намысы өздеріне жетеді. Сан шайқасқа жарайтын кегім жатыр кеудемде. Белі кеткен қара нардай жұртта қалып барамын. Қиналарым сол ғана. Алда не күй, не күйт? Сонда дағы күл боп, құл боп кете алмаспын. Шіркін, кең аспанның астында тұлпар шауып, аң аулаған күндер-ай.


Арман екен. Бəрі көзден бір-бір ұшты..


ДҮР: Тыным алшы, Арысым.


АРЫСТАН: Сүйеші кеп. Сыртқа шығам. Кеудем қысып барады. (Сырттағы кесек текпешікке барып отырады. Анадай жерде ағаш жонып отырған Шəміл бұларды байқамайды.)


АРЫСТАН: Ата, атым қайда? (Шəміл селк етіп, қалбалақтап жүгі- ріп келеді.)


ШƏМІЛ: Қарағым-ау, мұның не? Жараңды асқынтып аласың ғой. Келін, менің күпімді əкеліп берші. Арқаңды жарға сүйе. Жата беруден жалыққан ғой бейшара бала.


АРЫСТАН: Атым қайда?


ШƏМІЛ: Суық түскесін қамбаға кіргізіп байлап қойғам. Жалғыз уыс талқанымды соған бердім. Қолда түйір уыс дəн қалмады ғой, балам. Сонда да асырап келем. Өзімнен бұрын өлтірмеспін.


АРЫСТАН: Уһ!


ШƏМІЛ: Түсінемін. Атсыз ер – қанатсыз. (Дүр кіреді де, үстіне күпі жабады.)


АРЫСТАН: Дүр, Пышақшыдағы шешеңе барып келсеңші. Не күйде екен қария. Науқас еді-ау.


ДҮР: Сізді қалай қиярмын. АРЫСТАН: Мен шыдармын.


ДҮР: Екі науқас – бірі Арысым, бірі анам. Қарайлаумен қанатымнан қайрылдым. Қолдан келер жақсылығым қабағыңа қарап тану ойыңды.


 


АРЫСТАН: Қамықпашы... Жау жеңілер. Жайбарақат тұрмыс келер.


Тіршілігің өңделер. Көктем күліп, жас жаныңа өң берер.


ДҮР: Қайдам?


АРЫСТАН: Қарашы əне қайтқан құсты... Қарғалар ма? Ол да тірлік белгісі.


ДҮР: Пірім, рұрсат беріңіз, барып қайтсам анама.


АРЫСТАН: Бар, қанатым. Қарайлама. (Дүр жəутеңдеп есіктен шыға береді. Қадыр кіреді.)


ҚАДЫР: Пəлі батыр. Үйдей болып отырысын. Жұрт риза ерлігіңе.


Əкелген жылқыңа тоғайып қалған пейіл бар.


АРЫСТАН: Жау шапқанда үйде отыру намыс қой.


ҚАДЫР: Біз бармыз ғой. Саған қарап қалған ештеңе де жоқ... Иə, жаудың беті жаман қайтқан. Қыбыр етпей үнсіз жатыр. Жігіттердің көңілі жақсы. Қамал бүтін. Жоғарыдан Қаһан жеттідеседі. Тоз-тоз болған қолының басын қосып, етек-жеңін жинайын деп келген де. Масқара боп қайтуға да арланар. Ал тез оңал. Қапа болма. Мен кеттім.


(Кетуге ыңғайланады.)


АРЫСТАН: Тақсыр, енді қайтып көрісеміз бе, жоқ па, жебемді алыңыз.


ҚАДЫР: О не дегенің, Арыстан. Мен жарақсыз емеспін ғой. Өзіңе керек болар əлі.


АРЫСТАН: Алыңызшы, қорамсақта жатып тат басар, жебе де тау- сылған шығар.


ҚАДЫР: Жау қалаға басып кірсе қайтесің? АРЫСТАН: Өзіңіз берген семсерге сенемін! (Қадыр Арыстанның қолынан қорамсақты алады.)


ҚАДЫР: (Күбірлеп) Арланым-ай... (Сырт айналып шығып кете- ді. Шəміл шалдың жөтелген даусы естіледі. Осы сəт аспан қарс ай- рылғандай шарт ете түседі. Шыңғырған дауыс құлақты кеседі. Айқай- шу көтеріледі. Сырттан Дүр құп-қу болып жүгіріп кіреді. Шашы жайылып кеткен.)


ДҮР: Қалаға жау басып кірді. ШƏМІЛ: (Шошына) Не дейді?


АРЫСТАН: Ата, атымды əкел! (Тəлтіректеп қабырғаға сүйеніп тұра береді. Қарасақал шығады.)


ҚАРАСАҚАЛ: Жау қалаға қаптап кетті. Біреуіне оны жабылып, қырып жатыр. Саған келдім. Күмбез Сарайға бекінеміз.


(Шəміл шал шығады. Жаралы.)


ШƏМІЛ: Тұлпарды жау атып өлтірді!


АРЫСТАН: Қайдасың пірлер!? (Күйіп, күйреп кетеді. Дүр мен Қарасақал келіп қолтығынан сүйейді.)


ШƏМІЛ: Құтылыңдар! Күмбез Сарайға барыңдар. Жаудың жолын өзім бөгей тұрайын. Тарамыс қол ақтық рет күш қылсын, кəрі жүрек ақырғы рет ышқынсын!


АРЫСТАН: Ата, сіз кетіңіз! Жау жолына – жігіт қолы. Саудыратып сүйегіңді қалдыра алман. (Шəміл ашына ақырады.)


 


ШƏМІЛ: Жөнел!


(Арыстанды Дүр мен Қарасақал сүйемелдеп алып кетеді. Шу күшейе түседі. Бір сарбаз жүгіріп шығып құлайды. Музыка. Шыға келген жау сарбазы мен Шəміл шал айқаса кетеді. Қылыш қағысады. Жау сарбазы құлайды.)


ШƏМІЛ: Арманым жоқ. Кəрі қолда əлі қайрат бар. Қорғап өлем! (Тағы бір жау сарбазы шығып, Шəмілмен айқасады. Жаулар көбейеді. Шəміл шалға сүңгі сұғады. Ол тізерлеп барып құлайды.) Ұрпағымды қорғап өлдім!


(Музыка күшейе түседі. Шəміл өлігінің үстімен жау сарбаздары қыпшақ сұлуларын шашынан сүйреп барады. Сынсыған əйел зары естіліп тұрады.)


 


СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС


Күмбез Сарай. Бұрынғы көріністер, бірақ ығы-жығы, шашылған бұйым, құлаған қабырға. Шешуші айқас таяған. Жау қаланы алып, Қадырдың аз ғана қолы Күмбез Сарайға бекінген. Аштық, азап, қырғын қажытқан сарбаздар. Қала тегіс тоналып, ойраны шыққан. Сарбаздар азып-тозған, əр жерде жау аңдып, күзетте тұр. Қадырдың шашы аппақ, бірақ əлі де өр, тəкаппар, қайсар қалыпта.


 


ҚАДЫР: Қас жауым қайқы қылышын қылқа мойынға таяды. Ту- ған қала ойран болды. Бабаларымның ізі қалған қасиетті топырақ жау табанында жатыр. Қайтейін! Амалым құрыды ғой... Бірақ арым, намысым, бабаларым, кейінгі ұрпақ балаларым, бəріңнін де алдарыңда таза. Осы қанды қырғыннан бір жан тірі қалып, өсіп-өнер болса, бізді еске алар. Бұл шындықты солар жеткізер сендерге. Қанымыз бен денеміз топыраққа сіңгенмен, жауға қарсы атой берген рухымыз,


«ұр-р!» дейтін ұранымыз өлмес. Ойраны шыққан қыш қорғанның астында көміліп қалған сүйегімізді табар келер ұрпақ... Содан үлгі алар...


(Үнсіз ойланып қалады.) Берік бол, Қадыр əлі де! (Дүр мен Қара- сақалға сүйеніп жаралы Арыстан кіреді.)


ҚАДЫР: Арыстан, қос Арланым! (Қарасақал екеуін құшақтайды.)


АРЫСТАН: Жеттік біз де, алдияр! (Құшақтасады.)


ҚАДЫР: Білгем, күткенмін, өзім де! (Қарасақалға) Барлық сарбаз- дарды жина. Кірсін мұнда, сөзім бар.


ҚАРАСАҚАЛ: Құп! (Шығып кетеді. Сыртта шақырған айғай ес- тіледі. Жаралы, азап шеккен сарбаздар біртіндеп кіре бастайды.)


ҚАДЫР: (Кіргендерге ұзақ, азапты жанармен қарап тұрады.) Қан- ды көйлек жарандарым менің! Ат сауырынан қан кешкен, азапты ұрыс əлі жүріп жатыр. Ата ұлынан айрылды, жар жылуынан айрылды. Тұған жерді төсіңмен қорғаған қыпшақ ұлы, қатарымыз да күн санап кеміп бітті. Бірақ біз байлық көздеп, мансап іздеп, жұлқысып жатқамыз жоқ.


 


Табандарыңның астында кіндік кесіп, кір жуған туған жер. Сол үшін, жұртыңның намысы мен аталарының рухы үшін мерт болудасың. Енді, міне, қан майдан ең соңғы тіренішіміз Күмбез Сарайдың та- балдырығында жүруде. Бірақ, жарандарым, қасиетті аруақ үшін, тірі тұрғанда кеуделеріңді жау табанына таптата көрмеңдер. Қазір екіге бөлінеміз. Бірінші топ Күмбез Сарайдан шығып, жаумен ақырғы рет шайқасасыңдар. Тым болмаса қалың жаудың ортасында қылыш сілтеп, еркін өліңдер. Екінші топ жауды осы жерден күтеді. Кім бастайды бірінші топты.


ДАУЫСТАР: Мен! Мен!


АРЫСТАН: Рұқсат етіңіз, алдияр!


ҚАРАСАҚАЛ: Жаралысың ғой, Арыстан. (Қадырға) Маған пұрсат беріңіз, алдияр!


ҚАДЫР: Саудаласар жер емес, (Қарасақалға) Сен бастайсың.


Барыңдар. (Арыстаннан басқасының бəрі кетеді.)


АРЫСТАН: Аяғаныңыз ба, мені?


ҚАДЫР: Жоқ, ауыр сынға салғаным. Қалың жаудан тірі құтылып, даладағы көп қыпшаққа жетуің керек. Біз өлгенмен, олар өлмейді. Дүрді бірге əкетесің.


АРЫСТАН: Алдияр бұл не сөзіңіз?!


ҚАДЫР: Бұйырамын! (Арыстан қия алмай əрең шығады.)


ҚАДЫР: (жалғыз) Уа, аруақ! Тым болмаса осы тілегіме демеу бер. Тұлпардан тұяқ қалдыра гөр. (Көзіне жас толады. Сырттан сақылдап күлген əйел дауысы естіледі де, бір бұрыштан Жауһар шығады. Ұзын қара шашы жайылып кеткен. Үсті өрім-өрім. Бетіне қан жұққан. Кір. Есінен ауысқан.)


ЖАУҺАР: һа... һа... һа... Екі өлік көрдім... Əйел мен бала... Жау... Жау... Жау... (Қадырды көреді. Танымайды қолымен нұсқап) Өліп қал- ған... Қорқамын. А.... а... а (Ойбай салып шығып кетеді.)


ҚАДЫР: Қайран Жауһар! Жауһар! Шыдай алмады. Қор етті-ау сені бұл қырғын. (Басын ұстап еңіреп жібереді. Ақсаңдай басып Арыстан кіреді.)


АРЫСТАН: Сақтаныңыз, алдияр! Жау сарайға кірді. Өзі бірінші кірген жау сарбазын шабады.


ҚАДЫР: Арыстан, сен əлі осында ма едің? Сақтанарлық не қалды енді! Не қалды? (Қылышын суырады) Қыпшақтан да ұл туған (Жау


жағы біртіндеп көбейе береді. Өз тобымен Шағатай кіреді.)


ҚАДЫР: Əзірейілім сен болсаң да кел, шайқасып өлейін. Кел (ұм- тылады). Бірақ жаулар Шағатайды қорғап қалады. Қадыр мен Арыстан арпалысып жүр. (Қадыр құлайды.)


АРЫСТАН: (Шағатайға ақыра ұмтылады.) Найсап! (Қылышымен оны жаралайды.)


ҚАДЫР: (Талықсып құлап бара жатып) Таста! Құтыл    құтыл


Арыстан! (қиналып) Уһ... Кегім... кегім!.. ШАҒАТАЙ: Желкесін қи! Жеткізбе!


 


(Арыстан жалт беріп келесі есіктен қашып шығады. Сыртта айғай-шу, дүрбелең, ат тұяғының тасыры естіледі. Сарбаздар қайта кіреді.)


ТОРҒАУЫТ: Алғудың бəйгесіне мініп үлгерді. Бір сайқал қатын дайындап тұр екен. Ұстатпай кетті.


ШАҒАТАЙ: (Ақырып) Өңкей боз өкпе!..


ҚАДЫР: (Басын көтереді) Құтыл...ды... уһ... (өледі).


ШАҒАТАЙ: (Қадырдың өлігінің қасына келеді.) Арыстандай алыс- ты. Қандай күш бұны құтыртқан?! (Ойланып, басын шайқайды.) Əттең! (тістеніп) Құнсыз қыпшақтан туғаны-ай! (Құтырынып) Өрте! Қырыңдар! Ойранда қаласын?.


 


(Ұзақ қаралы музыка ойналады. Мыжырайып шөккен қорған жанынан бір-біріне сүйеніп, бұғауда кетіп бара жатқан тұтқын қып- шақтар өтеді. Кітаптар лаулап жанады. Жалпы халықтық аза шер бей- неленеді.


 


ЗАМАН: Бəрі де бітті. Қанды шапаққа малынған күн де талықсып барып ұясына қонды. Бес айға созылған қанды қырғын, қасиетті күрес осылайша аяқталды. Кімнің кегі кетті, кімнің арманы өшті?!


 


(Ұзақ ыңыранып отырады.) Заман желдей есті. Ұрпақтардың талай легі дүниеден көшті. Бірақ Отырар опаты ешкімнің де жүрегінен өш- кен жоқ. Қызыл қыштың астына көмілген батырлар рухын замандар заманаларға жеткізіп, дала ұлы, сенің бойыңа құйды. Қиянатқа шыда- май талай рет құйындай ұйтқып, атой берген сендегі ыза-намыс, міне, солардан қалған. Мен тек баба мен ұрпақ араларындағы дəнекершімін.


(Жарық біртіндеп сөніп, қараңғылық жайлайды.)


 


Қазақ теледидары,


1966 жыл.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу