Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
01.03.2022
366

Аю мен балық және бал
Қарғып тау мен тастан да,
Аю ұшты аспанға,
Өзенге кеп құлады
Өз-өзінен жылады.
Жылаудан тез жалықты
Ұстап алды балықты,
Балық айтты аюға,
Болмас мені союға.
«Мен кішкентай балықпын
Құр шеміршек арықпын,
Қоя берсең, көрейін,
Әкемді алып келейін!»
Аю оған бұйырды
Әкеп бер деп үйірді,
Алақанын ашады,
Шоршып балық қашады!
Аю оны тосады,
Буындары босады,
Шығып қиқы-жиқысы
Келді аюдың ұйқысы.
Ұйқысы әбден қанады
Балықты ойға алады,
Алданғанын біледі
Алға қарай жүреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter