Өлеңдер ✍️

Алтын адам
Баяғы замандардан Есік қорған –
Сақтарға атамекен бесік болған.
Асқарлы Алатаудың аясында
Бабалар өмір сүріп, өсіп-толған.
Бабалар өр мінезді асқақ келген,
Сақтардың батырларын қас Сақ деген.
Мінеки, содан бері қалыптасқан
Атауы халқымыздың Қазақ деген.
Қайырмасы:
Алтын адам, Алтын адам –
Нағыз батыр, қас Сақтар.
Алтын адам, Алтын адам –
Бүгінгі ел Қазақтар.
Алтын адам – ата-тегі,
Қазақ даңқы асқақтар.
Алтын адам – қас Сақтар,
Алтын адам – Қазақтар.
Сақтардың тұла бойы толған өнер,
Оюлап өрнектеуге болған шебер.
Алтынмен аптап киген киімдерін,
Сәулетті сала білген қорған нелер.
Айғағы соның бірі – Алтын адам,
Алтынмен тұла бойы жарқыраған.
Мыңдаған жылдар ұзақ жатса-дағы,
Тұлғасын шаң басып, от шарпымаған.
Қайырмасы.
Сақтар тек жайламаған Алатауды,
Жайлаған Алтай, Арал, Қаратауды.
Қазақтың бар жерінде көшіп-қонып,
Тамаша тіге білген ақ отауды.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇