28.02.2022
  348


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ЖАНы СіРі ЖЕМҚОРЛыҚ

Атақты Махмуд Қашқари бабамыз: «Билік тізгінін ұста- ғандар жат елден өзіне арнап сарай соқтырып қойса, бұл – жаман ырым. Түбі басына қиын-қыстау күн туса, қашып ба- рып, паналаймын дегенді білдіреді. Бұл – халқыңның ал- дында жасаған сатқындығың. Өйткені қарапайым елдің ба- рар жер, басар тауы жоқ. Сен әкім болғаныңмен, одан артық емессің. Бір топырақта тудың екен, ендеше бірге өле де біл»,


– деп бәрімізге тәлім боларлық жылнама жолдарын жазып кетіпті. Хандармен қанаттас, билермен сабақтас жүрген осы ойшыл одан әрмен: «Мемлекеттің қазынасы – халықтың та- бан ақысы, маңдай тері. Әкімдер қазына кілтін ұстаған адам- ға аса сақтықпен қарағаны абзал. Алтын мен күміс бар жерде, ақша бар жерде ұрлық жүрмей тұрмайды. Бүгіп қалсаң, өзің де ұрысың», – деп өсиет қалдырған.


Тағы бір оқымысты Томас Гоббстың: «өзін дербес мемле- кеттен кем көрмейтін трансұлттық корпорациялар көбейеді, есепсіз байлықты иеленген aт төбеліндей алпауыттар пайда болады» деген пікірі айна-қатесіз шындық. Өздері харам жол- мен байыған олар қоғамда сыбайлас-жемқорлық отына май құя түседі. Осы жағымсыз әрекетке белгілі бір дәрежеде қор- ған болып отырады. Қоғамымыздың түрлі тетігіне меңдеп еніп алған бұл тажалмен күресу де оңай емес.


Бір кезде К.Маркс капиталистік қоғам дамуының әрқилы үш сатысын анықтап, оған мынадай баға беріп еді.



  • Жабайы капитализм кезінде бүкіл байлық қылмыс әлемі көкшуландарының қолына жиналады.

  • Қоғамды мафиоздық шоғыр билегенде өкімет осылар- дың қолдарына өтеді.

  • Ең соңғысы – өркениетті капитализм.


 


Ал, біз бүгін осы үш сатының қайсысында тұрмыз? Қалай дегенмен де, жұмыр жерді жұмыртқадай астына басып отыр- ғысы келетін, кекірігі азған кейбір әлемдік ұлы күштер тұрғанда, бізге өркениетті капитализмнің ауылы әлі алыс-ау деген ойға амалсыз тірелесің


Таяуда Қазақстан республикасының Бас прокуратурасы 2002 жылдың бірінші жарты жылдығындағы сыбайлас жем- қорлықпен күрестің кейбір нәтижелері туралы Қазақстан ре- спубликасы Бас прокурорының міндетін атқарушы О.Жұма- бековтің қолы қойылған баспасөз хаттамасын таратты. Қазақ- стан республикасында сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде белсенді жұмыс жүргізіліп, ол жүйелі сипат алғанын осы хат- тамадағы деректерден айқын аңғаруға болады. Біздің ел – ТМД елдерінің ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы Заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мем- лекет.


Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысаналығы мен тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Елбасының жеке бақылауында тұрғанды- ғына негізделген. Сонымен қатар, бұрын жоғары қызметте болған лауазымды шенеуніктерге қатысты тергеулерге байла- нысты бірқатар жағдайлар бойынша қоғамда әртүрлі пікірлер туындауда. Кейбір топтар осы мәселелерді әбден ушықты- рып, әдейі «ақпараттық соғыс» ұйымдастырып, деректерді барынша бұрмалап, нағыз қылмыстық іске жасанды саяси си- пат беруде. Осыған байланысты Бас прокуратура аяқталған және жүргізіліп жатқан тергеулер туралы ресми ақпаратты дер кезінде жариялады.


Қалай дегенмен де, осы ақпаратта сыбайлас жемқорлық- тың бәсеңсігені былай тұрсын, өршіп кеткені көрініп тұр. Қарап отырсаң, жарты жыл ішіндегі экономикалық қылмыс- тарды, әсіресе сыбайлас жемқорлықты өрістете түскен түрлі деңгейдегі шенеуніктер әрекеті жаныңды ауыртады.


Мысалы, осы жарты жылдықта сыбайлас жемқорлық тү- ріндегі құқық бұзушылық үшін тәртіптік және әкімшілік жа- уапкершілікке 2100 мемлекеттік қызметші тартылған. Ар- найы құрылған «Деректердің бірыңғай қазанына» сыбай- лас жемқорлық пен құқық бұзған 3014 адам туралы мәлі-


 


мет жинақталған. Солардың ішінде Қорғаныс министрлігі- нің 750 әскери қызметкері, ішкі істер органдарының 220 қызметкері, кеден органдарының 68 лауазымды шенеунігі, 52 салық, 125 әкім, 1 депутат, 11 әділет органдарының, 14 қаржы полициясы, 4 прокуратура қызметкерлері бар.


Ағымдағы жылда сыбайлас жемқорлық бойынша барлығы 1256 қылмыс тіркелген. Әсіресе, елеңдететіні осы 1256 қыл- мыстың 100-ін әр түрлі деңгейдегі 25 әкімнің жасағаны. Олардың жетеуі сотталыпты. Ел билігі қолдарына сеніп тап- сырылған әкімдер қылмысқа қолдарын тереңдей малса, түрлі лауазымдағы үлкенді-кішілі шенеуніктер харам пиғылдарын олардан әлдеқайда асырып жібергендігі анықталып отыр. Әсіресе, осы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзғандардың тізімі ішінде бір халық «қалаулысы» яғни, депутаттың жүрге- ні таңдандырады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Махмұд Қашқари бабамыз мемлекет қазынасын ұрлағандарды аяу- сыз жазалауды қатаң ескерткен. Ал, біздің кейбір солқылдақ соттарымыз халықтың табан ақы, маңдай терін аямай шаш- қан қылмыскерлерді босатып жіберуі ақылға сыймайды. Осыдан алты жыл бұрын стратегиялық мемлекеттік мате- риалдық қаражаттан 60 миллион теңгеге жуық аса ірі сома- ны ұрлағаны үшін Экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің бұрынғы тө- рағасы Аязбаев дегеннің қылмысы біраз шулыған болды да, артынан су сепкендей басылып қалды. Сөйтсек, бұл сабаз- ды судья А.Рсалинаның төрағалық етуі бойынша Астана қа- ласындағы Алматы аудандық сотының үкімімен әуелі 3 жыл- ға бас бостандығынан айырылып, іле-шала рақымшылық жа- салған. Сонда Аязбаев сияқты қылмыскерлер жазасын толық өтеу үшін әлгінің үстіне 60 миллион доллар ұрлауы керек пе? Осы әділетсіздіктерді көріп отырып қаймана халық не ойлай- ды?


Тағы бір сорақы деректі келтіре кетейік. Осыдан біраз бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Қазақстан арқылы аса ірі мөлшерде (2 киләдан аса) героин алып өту әрекеті үшін Қырғыз республикасы Ішкі істер министрлігінің айрықша маңызды мәселелер бойынша өкілетті қызметкері Жұмаевты қолға түсірді. Тергеу органдары оның кінәсін то-


 


лық дәлелдегеніне және осы қылмысы үшін қылмыстық заңның санкциясы бойынша 7 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгеніне қарамастан, Алматы қа- ласындағы Алмалы аудандық сотында судья А.Оспановтың төрағалық етуімен Жұмаев үш жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, іле шала бұған да рақымшылық жасалған. Міне, көпшіліктің көзін бақырайтып қойып, әлеуметтің сені- мін аяққа басып, халықпен «соқыртеке» ойнайтын әлгіндей судьялардан не үміт, не қайыр?!


Ойлап қараған адамға Аязбаевтың да, Жұмаевтың да қыл- мыстары осал қылмыстар емес. Алайда, екеуіне де әуелі 3 жыл беріп, көпшілікті алдарқатып, ізі суығасын ақтап жібе- ріп, мол қаржыны қарпып қалу біздің кейбір судьялардың


«тас-түйін тактикасына» айналғалы қашан? Тіпті олар кейбір шулыған істерді битін салып, өздері сұрап алатын да көрінеді. Өткен жылы осы бір сорақылықтарды Қазақстан республи- касы Судьялар одағының III съезінде Президент Н.Назарбаев қатты сынға алғаны белгілі. Жоғарыдағы келеңсіздіктердің бәрін ойша саралаған Елбасы ендігі жерде ел байлығын со- ставымен жұтқандар тайраңдап, керісінше мал немесе бір қапшық ұн ұрлағандардың ісі Жоғарғы сот инстанциясын- да қаралып, қатаң жазалануы ақылға сия бермейтінін ба- рынша ескертті. Еліміздегі сыбайлас жемқорлық жайлы ке- зінде Қалтай Мұхамеджан ақсақал: «Нарық экономикасы бас- талғалы сыртқы саудада не болып жатқанын қайдам, әзір іш- кі сауда оң қалта мен сол қалтаның арасында жүріп жатқан сияқты. Ине шығармайтындар миллионер болып жатқанына қарағанда таң қалатын жайттар көп. Кейде киіз шығатын жер- ден мүйіз, бәле шығатын жерден банк пайда болып жатқаны және бар», – деген еді. Бүгінгідей сыбайлас жемқорлық түтеп тұрған заманда Қалағаңның пікіріне қосылмасқа болмайды. Біз шындығында демократияға шындап табан тіреп, құқық- тық мемлекет құру жолында келе жатып кейде қылмыскер- лерге аяушылықпен қарайтынымыз жасырын емес. Бірақ ер- теңін ойлаған ақылды жұрттар олай етпейтінін күнде естіп- біліп отырмыз.


Мысалы, таяу арада Қытайдың Жоғарғы соты Лэшань қа- ласының мэрі Ли Юсюді өлім жазасына кесті. Аждаһа елінде


 


өлім жазасы таңсық емес. Әйтсе де, осы жолғы ату жазасы өзгеше болды. Қала басшысына кесілген үкімнің орында- луы халықтың көз алдында өтті. Теледидарға түсіріліп, елдің түкпір-түкпіріне көрсетілді. Бұл әрекетті қаншама қатал бол- са да, «Өзгелерге сабақ болады» деп шешті мемлекет басшы- лары.


Сондағы Ли байғұстың «бүлдіргені» біздің кейбір шенеу- ніктердің «асап» қойғандарының қасында түк те емес. Жазаға кесілген қала мэрі 1 миллион АҚШ долларын көңілдесі екеуі сауық-сайран, саяхатқа жұмсап қойыпты. Бұл жаза біздегі жемқорларға сабақ болмаған түрі бар. Тіпті, мұны айтасыз, жақында, дәлірек айтсақ, үстіміздегі жылдың маусымында Қытайдың бас аудиторы Ли Изинъ-хуа жоғары партия, үкі- меттегі қызмет орындарынан кеткендерді тергеуді қолға ал- ғанын жариялады. Пара алып, мемлекет меншігін талан-та- ражға салған үкімет шенеуніктері енді үш жыл бұрын өз өтініштерімен қызмет орындарынан кетсе де, дұрыс ұйқтай алмайтыны ақиқат. Қырағы мемлекеттік аудиторлар 1999 жы- лы отставкаға шығып, әбден былықтырып кеткен бірқатар шенеуніктердің қылмысын ашқан еді. Сөйтіп, аудиторлар компаниясы Қытай жұртшылығынан қолдау тапты. Бұған соңғы екі жылдың ішінде отставкаға шыққан 4000 шенеунік- тің бірінші қатардағы оншақты ресми өкілдері – министрлер мен ірі компания басшыларының қармаққа ілінгендері дәлел. Барлығы 15 мың шенеуніктің қылмысы ашылып, 500 адам жоғары қызметтерімен қоштасты. Олардың бір мыңдайының істері сотқа берілді. Сөйтіп, олардан 36 миллион доллар мем- лекет қазынасына қайтарылды.


Қалай дегенмен де, Оңтүстіктегі көршіміз мемлекет мүл- кіне суық қолын сұққан ұрыларды, парақорларды, алаяқтар- ды бастарына шығарып еркелетпейді. Сондықтан да, олардың экономикасы даңғыл жолға түсіп, халқының әлеуметтік жағ- дайы жыл сайын ілгері жылжып, Аждаһа елінің қуаты көкке өрлегені соншалық, ол тіпті айбарлы Американы да састы- ра бастады. Бір жарым миллиард халықты күн сайын та- мақтандырып, киіндіру – адам айтқысыз күрделі шаруа бол- ғанымен, еңбекқор Қытай басшылары осы күрмеуі қиын мә-


 


селені түбігейлі шешіп алды. Мұның астарында сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күрес жатқаны белгілі. Осы Қытай мыңдаған шенеуніктерінің ішіп-жеп қойган қаржыларының соқыр тиынына дейін есептеп, мойындарына қойып, 36 мил- лион долларды мемлекет қазынасына қайтарды.


Э.Гидденстің есептеуі бойынша, 1987 жылы Ұлыбритания халқының 1 пайызы жеке байлықтың 21 пайызын, 5 пайы- зы акциялардың 90 пайызын, жалпы табыстың 16 пайызын, ал, халықтың тең жарымы бар болғаны акцияның 4 пайы- зын және жалпы табыстың 5-ақ пайызын иемденген көрінеді. Оның үстіне, дәулет кереғарлығы Ұлыбританияда ғасырлар бойы қалыптасты. Кейінгі ғасыр онда дәулет кереғарлығын түбірімен жойып жіберу жолында емес, халықтың әл-ауқа- тының орташа деңгейін көтеру жолында еңбек етті.


Ал, біздің бұрын жаппай орташа құбатөбел күн кешіп кел- ген қоғамымыз тез арада дәулет кереғарлығына ие болып шыға келді. Тағы бір ескеретін жағдай, тоқыраудың кейінгі жылдарынан бастап біздің қоғамымыздың барлық топтарын- да не тікелей, не жанама түрде капитализмді әспеттеу орын алды. Әлеуметтік құрылысты өзгертуге деген жалпы келісім де сол әл-ауқаттың тезірек жақсаруына деген жаппай сенім- нің нәтижесінде қамтамасыз етілді. Қалай дегенмен де, бүгін- гі таңда экономикалық күйзеліс қана емес, үлкен әлеуметтік күйзеліс те бар. Жұрт тағы да сенімнен айрыла бастады. Кешегі сеніп келгендердің көпшілігі тағы да әлеуметтік аңыз- ға айнала бастады. Өйткені осының барлығының астарын- да бүкіл қоғамды, ертеңге деген алғаусыз сенімді ала тайдай бүлдірген сыбайлас жемқорлық деген пәлекет жатыр.


Қоғамдық мәселелерді сараптау орталығы директорының орынбасары Қанат Берентаев (Новости недели, 7-13 тамыз, 2002 жыл, №31) былай дейді: «Қазақстанда шындығында ірі капиталды салатын ешқандай сала қалған жоқ. Мұнай мен газ өнеркәсібін тұтасымен шетел инвесторлары басып ал- ды. Азық түлік өнеркәсібі де әлдекімдерге үлестіріліп кет- кен. Ендігі қалғаны тек – Жер. Шетелге ағылған «арам» ақ- шаларды заңдастыру кезіндегі деректерге сүйенсек, Ұлттық банк пен экономика министрлігінің есептері бір біріне сәйкес келе бермейді. Ал, шындығында мұны ешкім білмейді. Таяу-


 


да бұрынғы Қаржы министрінің және Қорғаныс министрінің қаржы жөніндегі орынбасары болған Жаннат Ертілесова ха- ным Ақтөбе қаласында бірталай құпия мәліметті жайып сал- ды. Оның айтуынша, заңдастырылған бүкіл «арам» ақша осы акция өтісімсн бір aптадан кейін қайта шетел асып жоғалып- ты. Сонымен, қанша ақша заңдастырылды? 600 миллион де- ген жай сөз, 1,5 – 2 миллиард АҚШ доллары заңдастырылды дейді бұрынғы Қаржы министрінің орынбасары...»


Япырмау сонда кімгс сендік? Әлде Жаннат Ертілесова қа- телесіп отыр ма? Республикадағы қаржы мәселесінің ішек қырындысына дейін білетін, бірнеше Премьер-министрдің командасында болған Ертілесова ханым бәлкім шындықты айтып отырған болар?! Сонда дейміз-ау, заңдастырылғаны 600 миллион доллар деп елге әйгілеп алып, осы желеумен одан 3-4 есе көп қаржыны топырлатып жіберу кімдерге тиімді болды екен? Қысқасы, шешуі қиын күрделі сөзжұмбақтар- дай, еліміздің Қаржы мәселесі төңірегінде талай борсыған былықтардың жабулы жатқаны анық.


Сыбайлас жемқорлық балалаған жерде тек экономикалық қылмыстар ғана емес, заңға қайшы түрлі сорақылықтар бой көрсетуі табиғи жағдай. Өйткені лауазымды шенеунік өз командасындағы «ләббай тақсырларды» соңғы шарасы қал- ғанша қорғап бағады. Осындай қамқоршысы бар кейбір әпербақандар халықтың төбесіне шай қайнатып, білгендерін істейді. Нанбасаңыз, «Аудан әкімшілігінің ғимаратында қыз зорланды» (Дәрменбай Шәріп) деген мақаланы оқып қара- ңыз. Мақала былай басталады: «Масқара-ай, жаңа жылды қарсы алар күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауда- ны әкімшілігінің ғимаратында қаршадай қызды бақандай бө- лім бастығы зорлап, жыныстық қатынас жасайды. Бұл жө- нінде облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз орта- лығы мәлімдеді. Иә, халқымыздың қастерлеп қарайтын, би- ліктің, біліктің құтханасында осындай сұмдық тірлікке ба- ру – бұрын-соңды ойға келмейтін әңгіме еді. Қырықтан асқан қырма сақал М. деген азамат қарқаралы қызды шаңқай түсте аймандай етуі де, билік басындағы «көкелеріне» арқа сүйегендігі болар, – дейді ел-жұрт. Бұрын да бұл ауданда мәдениет бөлімінің басшысы парамен ұсталып, қала берді


 


ревизиялық тексеруден мемлекет қаржысын суша шашқаны анықталғанда да өз беделін салып, «сүттен ақ, судан таза» етіп шығарған «көкесі» бұл жолы да бәрінің тігісін жатқызып жібермесіне кім кепіл? Әзірге, фактінің орын алғаны анық...» Міне, аудандық әкімшілік ғимаратында болған көргенсіз- діктің, оспадарсыздықтың, хайуандықтың ұзын-ырғасы ос- ындай. Кешегі Кеңес Одағы кезінде аудандық партия коми- тетінің үйінде қыз зорлаған әй, білмеймін өмір бойы түрмеде шіритін шығар. Қылмыстың аты қылмыс. Қыз зорлаған бүгін де аяусыз жазаланады. Алайда, аудандық әкімшілік ғимара- тында «әңгілік құрған» әлгі атаңа нәлетті қорғаштап жүрген, заңға пысқырып қарамайтын «көкесінің» аты-жөнін білер ме еді? Заң ханға да, қараға да бірдей болғанда ғана әлеумет оны ерекше қадірлеп, түйсініп, сыйлайтын болады. Құқықтық жүйені құлағына қыстырмайтын әлгіндей әпербақандар Заң- ның қадірін түсіргенімен қоймай, көпшіліктің оған деген


сенімін де жермен-жексен етеді. Miнe, мәселе қайда жатыр! Сөзіміздің соңында тағы да Қалтай Мұхамеджанның өт-


кір пікірлеріне оралғымыз келіп отыр. «Мен білетін демок- ратияның ежелден келе жатқан бір досы, екі жауы бар. Досы


– демократияның қаз тұрып, қадам басуындағы өзі шығарған заңы. Өз заңы қорғаныш болмаған демократияның тағдыры мүшкіл. Осыны әлсіретіп келе жатқан екі жауы – коррупция мен қылмыс».


Осы екі жаудан құтылмай бізге сірә, тыныштық бола қоймас.


«Ана тілі», 19.12.2002 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу