Әңгімелер ✍️
біздегі жемқорлыққа дауа бар ма?
Ақыры ұзақ саудаласудан кейін канадалық «ПетроҚа- зақстан» 4,2 миллиард доллар төлеген Қытай ұлттық мұнай корпорациясының қарамағына өтті. Бір қызығы, осыдан 6 жыл бұрын, яғни, 1999 жылы «ПетроҚазақстанның» (ол кез- де «Харрикейн Хайдрокарбонз» деп аталатын) құны бір дол- ларға да тұрмайды деп есептеліп, фирма банкрот болуға аз- ақ қалған еді.
Биылғы шілде айының басында Қазақстанға ресми са- пармен келген ҚХР басшысы Ху Цзиньтао президент Нұр- сұлтан Назарбаевпен бірге екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойған болатын. Ақы- ры Қытай мысықтабан жүріспен дегеніне жетті. Осы күнге дейін бүл елдің ұлттық мұнай корпорациясы Ақтөбе об- лысымен шектеліп келген болса, енді Қызылорда мен Оң- түстік Қазақстан облыстарын да қамтымақ. Қытаймен екі арадағы сауда-саттықты естіген бойда Ғани Қасымов: «Пет- ро-Қазақстанды» қытайлықтарға сатқандарды өзімнің де, ха- лықтың да жауы деп есептеймін. Стратегиялық маңызды бұл мұнай ошағын Қытай ұлттық мұнай корпорациясына сату- ға қалай арымыз барады? Қалайша біздің өзіміздің осы ен байлықты сатып алуға қаржымыз жоқ? Бүкіл мұнайлы Ақтө- бе өңірін Қытайға бердік, Құмкөл болса, ол да сатылды. Неге бұлай? Біз қайда бара жатырмыз? Үкіметте отырғандар бүкіл Қазақстанды Қытайдың мұнай провинциясына айналдырмақ па?» – деп күйіп-пісті. Бұл есептен Ғ.Қасымовтың да зығыр- даны қайнауы орынды шығар. Алайда біздің билік бұқарамен ақылдасудан қалғалы қашан!
Енді біздің мұнайды Қытай өңдеп, өздерінің кәкір-шүкір- лерін, кір жуатын ұнтақтарын, пластмасса өнімдерін елімізге тоғытпақ. Бұдан асқан қорлық болар ма?
Қытай ұлттық мұнай корпорациясының бөлімшесі таяу- да Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Душждзы қаласында Қазақстаннан тасымалданатын мұнайды қайта өндеуден өткізуге арналған елдегі аса ірі мұнай-химиялық комбинат құрылысын бастап кетті. Құрылысқа 3,23 миллиард АҚШ долларын жұмсау жоспарланған. Кәсіпорында мұнай
айдайтын 20 мұнай-химия өнімдерін өндіретін 12 қондырғы салынбақшы. Бұл нысандар 2007 жылы пайдалануға берілмек. Комбинат жылына 5,5 миллион тонна мұнай өңдеп, 1,82 мил- лион тонна мұнай өнімдерін шығаратын болады. Жаңа зау- ыт жобалық қуатына жеткеннен кейін оның жылдық табысы 3,7 миллиард доллардан астам қаржыны құрайды. Ал керек болса! Бұл бүкіл Қазақстандағы химия өндірісін 6іржолата тұншықтыру ғой!
Ойлап қарасақ, шикі мұнайдан 2000-нан астам өнім алы- нады. Осындай қып-қызыл байлықтан айдың-күннің ама- нында көзбе-көз айрылғанымыз қалай? Өті жарылып кет- се де айтайық, оның басты себебі мынау: біріншіден, қандай да болсын халықаралық келісім-шарттар ел мүддесіне орай- ластырылмайды. Екіншіден, отандық байларымыздың де- ні ғылымнан бейхабар, кезінде қап тасып, спирт, қант са- тып табыс тапқандар болғандықтан, олардың мұрнына озық технологияның иісі де бармайды. Сондықтан әлгілер қолын- дағы ақшасынан айрылып қалмағанын ғана қалайды. Үшін- шіден, шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы бас менед- жерлері еліміздің халықаралық аренада өз отандастарына бәсекелес болмасын деп түрлі тосқауылдар жасап бағады. Өйткені, шикізаты өзінде жетіп-артылатын қазақстандықтар әлемдік рынокқа мұнай химиясының өнімдерін шығара қал- са, бәсекеде дес бермесі анық. Былтыр 56 миллион тонна мұнай өндірдік. Химия өндірісін дамытпақ түгілі, ішкі сұра- нысымызды да әлі қанағаттандыра алмай отырмыз.
«ҚазМұнайГаз» президенті Ұ.Қарабалиннің айтуынша, 2006 жылы – 62 миллион тонна, 2008 жылы – 72 миллион, ал 2010 жылы 100 миллион тонна мұнай өндіреді екенбіз. Егер қазіргідей шикі мұнайды шетке лықылдатып сата беретін болсақ, өзіміз өңдей алмасақ, онда мың есе пайда беретін отандық химия өндірісін көрге тығарымыз айдан анық. Жа- қында Павлодар мұнай өңдеу зауытының басшылығы үкі- меттен ауылға жеңілдікпен бөлінген жанар-жағармайды қа- таң тексеруді талап етті. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан тәрізді астықты об- лыстарға арзан бағамен бөлінген дизель өнімдерін алаяқтар пайдаланып кетпес үшін Павлодар мұнай өңдеу зауыты ар-
найы қызыл түске бояп шығарған еді. Біздегі жемқорлыққа дауа бар ма, бүгінде сол қызыл түсті соляркалар жеке-меншік май құю бекеттерінде өкіртіп сатылып жатыр. Ал жиын-терін науқанына арналған 260 мың тонна арзандатылған жанар- жағармайдың қайда кеткенін ешкім білмейді. Егер Сталиннің заманы болса, осы қылмыс үшін жауапты адамдарды лақша бақыртып атып тастар еді. Оны айтасыз, ана жылы бүтін мемлекетіміздің алмағайып күндерге деп дайындап қойған резерв қорын сол мекеменің бастығы С.Аязбаев деген біреу үптеп кеткен жоқ па? Бұл қылмыс та ақыр-аяғында сиыр- құйымшақтана келіп, іс жабылып, Аязбаев жазасыз қалды.
«Жауырды жаба тоқып» қайтеміз, қазір Қазақстанда сы- байлас жемқорлық дегеніңіз түтеп тұр. Жақсылықты жалық- пай күтуге жаралған халықпыз ғой, еңдеше осы тажалдың то- ластар сәтін тоса тұрайық...
«Жас қазақ», 30.09.2005 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter