Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.02.2022
214
Жыласам да, күлсем де...
Жыласам да, күлсем де
сені ойлаймын!
Неліктен?
Өмір мәні – бір сен деп,
Жастығым ба желіккен!
Дүние кезіп жүрсең де,
мендей ессіз көріп пе ең!?
Түсінбессің сен бәлкім,
Мендік алау сезімді,
өзіңді ойлап арман – түн,
мұң қамаған көзімді...
Бір өзіңді көрсем дер
алыстаса құт-үміт,
жүрегім бар кемсеңдер,
мұң-қайғыға жұтылып.
Сағынатын бір сені,
Табынатын бір саған
қайран ақыл білсе еді....
Қарайғанға мұң шағам.
Сені ойлаудан басталған
дөңгеленді доғал ай.
Жұлдызы көп аспаннан
Жұлдыз іздеп ....
обал-ай!
(Бұйырмады.)
Бойдақпыз!
Қол жетпеді, ой жетті.
Бір кездегі оймақ қыз
ойлап сені бойжетті.
2007 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter